Сізге шын ғашық адам ғана айтатын 7 сөз

Сізге шын ғашық адам ғана айтатын 7 сөз

Бұл сөз  маркерлері  —  жұбайлардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің айнасы. Шынайы және терең сезімге берілген жандардың диалогтары да өзге.

«Сондай әдемі\сымбатты боп тұрсың»

Көп анекдоттар ер мен әйел қатынасына құрылады емес пе?! Әдетте әйел шашын, макияжын немесе көйлегін өзгертіп, жұбайын сынап көоейін десе, ол ештеңе байқамайды. Ғашық адам болса, керісінше: ол сіздің әдемілігіңіздің арта түскенін байқап қана қоймайды, сол байқағанын жағымды сөздермен жеткізуден де тартынбайды.

«Маған сенің күлімдегенің ұнайды»

Сіз өзіңіздің адамыңыздың әзілдеріне күлгенде, оның төбесі көкке жеткендей болады. Жадыраңқы көңіл-күй сақталуы үшін ол барын салуға тырысып бағады. Үнемі езуіңізден күлкі кетпестей қадамдар жасайды.

 «Саған көмектесейін...»

Ер адамның жанашырлығының маңызды көріністерінің бірі  —  оның сізге деген қамқорлығы. Көмек қолын созу  —  бұл серіктесіңіздің сізге бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Сіз өз жұмысыңызды өзіңіз жасап, көмегінен бас тартсаңыз да, оның сізге деген шынайы сезімі бар екенін біліп жүресіз, түйсініп жүресіз. 

«Маған кеңесің керек?»

Егер ер адам сізден оған бірдеңеде көмектесуіңізді сұраса, ол сізге сенетінін және сіздің пікіріңіз ол үшін құнды деп санайтынын білдіреді. Сондай-ақ, ол осы арқылы сіздің назарыңызды аударудың және сізді өз ісіне, қызығушылығына тартудың жолын іздейді, бұл адамға деген үлкен жанашырлықты білдіреді.

«Күнің қалай өтті?» 

Бос сөзді шынайы қызығушылықтан ажырату оңай. Бірінші жағдайда ер адам бір-екі сұрақпен ғана шектеледі, екіншісінде ол сіз айтқан сөздерге зер сала отырып, жөнді сауалдар қояды.

«Мен сені сағындым»

Отбасы боп өмір сүрген кездің өзінде ғашықтар бір-бірімен оңаша қалуды сағынады. Жұбайыңыздың мұндай сөзді айтуы сізбен бірге өткізген уақытты бағалайтынын және үнемі бірге болғысы келетінін білдіреді.

 «Кеш үшін рахмет»

Кей-кейде бірге кездесуге барып, немесе жұмыстан кейін қыз-жігітше кездесуге шақырып, одан кейін: «Бұл менің өмірімдегі ең жақсы кеш болды» десе, бұл оның әлі ессіз ғашық екенінің белгісі.

А. Оралқызы