Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Апта кеңесі: Сүю мен бақыт өз қолыңда

Апта кеңесі: Сүю мен бақыт өз қолыңда

Апта кеңесі: Сүю мен бақыт өз қолыңда

Әкесі машина жуып жатыр, баласы қолына тас кесегін алып көлігінің есігін сызып тастады. Қатты ашуланған әкесі ұлын таяқпен салып жіберді, соңынан ұлын құшақтап емханаға жүгірді, тексеру нәтижесі оның қол сүйегі сынғанын дәлелдеді. Әкесіне ұлы бәсең үнмен: «Әке, қолым жазылып кетеді, алаңдамаңыз. Кешіріңіз, ендігәрі олай істемеймін» - деді.

Әкесі іштей қатты назаланып, сыртқа жүгіріп шығып көлігін тепкілей жөнелді, сонда ғана ұлы көлік есігіне «әке сізді сүйемін» деген жазу жазғанын көрді.

Кей істерге шешім жасаудан бұрын анық-қанығына көз жүгіртіп барып, бір байламға келгеніміз жөн болар.

***

Аналы-балалы арыстан орманда келе жатады. Баласы анасына:

- Шеше, бақыт, сірә, қайда?

Анасы:

- Бақыт өзіңнің құйрығыңда.

Сонымен баласы тоқтамай өз құйрығын қуалаумен болды, бірақ, тістей алмады. Анасы күліп тұрып: «Ақымақ бала, бақыт деген бұлай қолға келмейді! Тек сен тоқтаусыз алға бассаң, бақыт сонда ғана сенен қалмай ілесіп бірге жүреді» - деді.

Әр нені бір бағыт, бір жақтан іздегеннен гөрі, батылдықпен алдыға ілгерілей берсең табыс пен бақыт сенен алыстай қояр дейсің бе?!

***

Жігіт қызға неке талабын қойғанда тек бір ауыз сөз айтты: «Маған сен!»

Әйелі тұңғыш қызына босанғанда, ол оған: «Қиналдың-ау!» - деді.

Қызы тұрмысқа шыққанда, әкесі оның иығына қолын қойып: «Міне, мен бармын» - деді.

Күйеуі жарының ауруы салмақты екенін білгенде: «Мен қасыңдамын» - деді.
Оның ауруы асқынып, көз жұмар алдында, күйеуі оның маңдайынан иіскеп тұрып жай ғана: «Мені күт» - деді.

Жігіт сүйген жарына «Мен сені сүйем» дегенді ешқашан айтқан емес, бірақ, сүю олардан мүлдем алыстап көрмеген.

«Сүйемін!» деп айта алмайтын адамдар көп-ақ, бірақ, оларды сүйе алмайды деуге кімнің батылы барсын...

Аударған: Бегарыс

Дайындаған: Мейіржан Әуелханүлы

Сурет: vdovgan.ru

4136 7
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 13:46
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2013, 12:26

"Әр нені бір бағыт, бір жақтан іздегеннен гөрі, батылдықпен алдыға ілгерілей берсең табыс пен бақыт сенен алыстай қояр дейсің бе?!" :!:

+0
03 қаңтар 2013, 12:29

Екінші топтаманы оқып отырып Симба деген мултик есіме түсіп кетті. Естеріңізде ме? Мамасының қасында Симба да осылай ойнайды ғой. Расымен де бақытқа жету үшін өз басым Алға, Алға тек Алға деген ұранды ұстанғанмын

+0
03 қаңтар 2013, 12:47

БАҚЫТ
Не едің, сірә, қыз деуге сені
Жасқана берем. (оны да көргем)
жаралған ба едім іздеуге сені,
Арманым ба едің сорыма берген.

Қайтейін енді сорыма бітсең,
Жырғағаны да көпес төренің!
Қашқақтап жүріп, қолыма түссең,
Келістіріп бір төпештер едім.

+0
03 қаңтар 2013, 18:04

Шынымен адам бақытқа еңбек пен акылдын арқасында жетеди, махаббат ол жүректе мангилик бирге

+0
03 қаңтар 2013, 22:24

Массагетті осындай жазбалары үшін жақсы көрем ше... Қайсысын оқысаң да адамға үлкен ой салады. ;)

+0
04 қаңтар 2013, 02:48

коркынышты гой оздерй

+0
04 қаңтар 2013, 16:47

Әр нені бір бағыт, бір жақтан іздегеннен гөрі, батылдықпен алдыға ілгерілей берсең табыс пен бақыт сенен алыстай қояр дейсің бе?! :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...