Ғаламтордағы флирт

Ғаламтордағы флирт

Ғаламторда біреуді өзіңізге қарату қаншалықты қиын?

Желіде әсем киім, мінсіз макияж, шаш сәні біреудің жүрегін жаулауға көмектеспейді. Ендеше онлайнда ұнаған жанды қаратудың қандай әдістері бар?

Психолог мамандардың айтуынша, заманауи байланыс құралдары: ғаламтор, смс және т.б. арқылы әңгіменің өз сырлары болады. Оның бастысы - адамның сауаттылығы. Жауабында қате жіберген адамды бірден ұнатпай қалады екенбіз. Сұрауға қатысқан адамдардың 30%-ы сауатсыз адамдармен мүлдем әңгімесін тәмамдайды. Сондықтан ғаламторда сауатты жазуға көңіл бөліңіз.

Сондай-ақ ғаламторда танысқысы келіп, тым көп жазатын адамдар да оғаш көрінеді. Қатты белсенділік те онлайн флирт үшін жағымсыз қасиеттердің бірі екен.

Неге екені белгісіз, смайлдарды көп қолданатындар тартымды көрінбейді. Сондықтан эмоцияларыңызды жақшалармен емес, сөзбен жеткізуге тырысыңыз.

Жалпы, ғаламторда танысып, кейін оффлайнда кездесіп, жұп болғандар алғашқы виртуалды әңгіменің әсері зор деп айтады.

Ал сіз ғаламтор арқылы танысасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: socseti.su

С. А