Ескендір Бестай:
Зейнеп Ахметова апамыз айтатын қазақы үй дәстүрін қолдаймын. Ата-әженің баланың дамуына өте зор.
Ескендір Бестай:
Зейнеп Ахметова апамыз айтатын қазақы үй дәстүрін қолдаймын. Ата-әженің баланың дамуына өте зор.
Қаржылық мәселесі бар отбасыларда әңгіме айтылмайды, сөз естілмейді, 0-ден 3-ке дейін “қалайсың”, “іштің”, “жаттың”, “тойдың” – қарапайым тұрмыстық деңгейден асып түспейді. Балаға қалтамыздың қалыңдығы әсер етіп тұрған жоқ, сөздңк қорымыз әсер етіп тұр.
Ал енді сөз қорына ата-әжеден артық әсер ететін нәрсе жоқ. Қартайған кездегі табиғи “мылжыңдығы” ма, әйтеуір баланы ашады. Оның "Ай неге құламайды?”, “қасық неге мынадай?”, “мынаның аты неге мынадай?” деген неше түрлі сұрақтарына жалықпай жауап береді. Көп тәжірибеде көріп жүргенім: ата-аналар шыдамымыз біткен кезде “құрышы” деп қуып жіберуіміз мүмкін.
АҚШ-та бала үшін қолайлы психологиялық орта қандай деген сұрақ туады зерттеушілерде. Негізі зерттеудің мақсаты басқа еді. Бірақ түбінде өздері күтпеген нәтижеге қол жеткізеді. Бала үшін ең қолайлы орта: үш ұрпақты отбасы екен: бала, ата-анасы, ата-әжесі. Үш ұрпақты сатылы дәстүрді сақтаған отбасы балаға ең қатты әсер етеді. Оның танымдық, психологиялық, эмоциялық қалыптасуына оң әсерін береді. Иә, осындай форматта болса, керемет. Баланы түбегейлі алып, ажыратып ата-әжесіне беріп қою, қатты айтқан кезде қартайған кезінде қуыршақ секілді ермегі етіп беру – мен оған қайшымын, мен оған қарсымын. Бізде көбінесе осы форматта болып жатады.