Кофе басында нені әңгіме қыламыз?

Кофе басында нені әңгіме қыламыз?

Кеңседе шәй не кофе ішіп, кішкене болса да тынығып, әріптестерімізбен әңгіме-дүкен құратын демалыстарға немесе кофеханадағы достарымызбен кездесуге не жетсін! Алайда ыстық сусынның басында көпшілік не жайлы сөйлеседі екен?

Жалпы, сұралғандардың 40%-ы кофеханалар мен шайханаларды достармен кездесуге ең жайлы орын деп санайды екен.

Алайда, жұмыстан шығып, достармен кездесіп те, көбіміз жұмыс жайлы әңгіме айтады екенбіз. Жұмыс сұрауға қатысқан адамдардың көбісінің (70%) басты тақырыбы екен.

Қыздардың әңгімелерінің көбісінің тақырыбы - жеке өмір (81%) мен денсаулық (79%).

Жігіттердің де айтатыны - жеке өмірдегі жаңалықтар мен қиындықтар (70%), сонымен қатар олар ағымдағы жаңалықтар жайлы да ұмытпайды екен (70%).

Жұмыс пен қызметіне тәуелді жандар кино, әдебиет жайлы тақырып қозғайтыны қуантады (76% мен 66%). 

Ал сіз кофе басында не жайлы әңгімелесесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cn.yes-chinese.com

С. А