Түсіндіруге келмейтін 15 түрлі сезім атауы

Түсіндіруге келмейтін 15 түрлі сезім атауы
Фото: envato.com

Кейде біз белгілі бір сезімді бастан кешіп, бірақ оны қалай сипаттауды білмейміз. Тіпті ондай эмоциялардың ғылыми атауы да жоқ. Бірақ жас жазушы Джон Кениг "Түсіндіруге келмейтін мұң сөздігі" (The Dictionary of Obscure Sorrows) атты кітап шығарды. Ол жерде барлық адам сезетін, бірақ оны түсіндіре алмайтын сезімдердің атауы жиналған. Бұлардың қазақша атауы жоқ, сондықтан назарларыңызға ағылшын тіліндегі нұсқасын ұсынамыз.  

1. Onism (зат есім) – тек бір уақыт өлшемінде, бір денеде ғана өмір сүріп, үлкен әлемнің кішкене бөлігін ғана білетінін ұққан сәт. Әдетте бұндай сезім мұңды болады. 

2. Mal de Coucou (зат есім) – адам әлеуметтік желіде белсенді, таныстары көп болғанымен, өмірде сенім артатын саусақпен санарлық адамы бар жағдай. 

3. Sonder (зат есім) – кездейсоқ кездескен адамның өмірі де өзіңіздікі сияқты шырайлы, мұңды, мәселеге толы әрі бақытты сәттері де барын ұғу. 

4. Hanker sore (сын есім) – біреудің сізге ұнайтыны соншалық, сол ойдан өзін нашар сезіну.

5. Chrysalism (зат есім) – жалт ойнағанда (найзаған) ғимарат ішінен бақылап, жауын дыбысынан ләззат алу. 

6. Nighthawk (зат есім) – ұйқы бермейтін мазасыз ойлар: орындалмаған тапсырмалар, кінә, болашақты ойлау. 

7. Adrontis (зат есім) – біреумен танысып, оны білуге ұзақ уақыт кететінін ұғып, содан туатын мұң.

8. Silience (зат есім) – айналамызда күн сайын көріп, бірақ байқамайтын талант иелері. Көшеде ән салып тұрған музыкант, жақын адамдардың құпия талантын қатарға жатқызуға болады.

9. Anecdoche (зат есім) – бәрі сөйлейтін, ешкім тыңдамайтын әңгімелесу үрдісі.

10. Catoptric Tristesse (зат есім) – өзгелердің өзі туралы не ойлайтынын өмір бақи білмейтінін түсінген сәтте туған мұңды ой.

11. Anemoia (зат есім) – ешқашан болмаған кезеңді сағыну.

12. Jouska (зат есім) – адамның өзі-өзімен ойша сөйлесуі.

13. Ecstatic Shock (зат есім) – өзіңізге ұнайтын біреудің сізге қарағанын ұққан сәттегі қысқа мерзімді, бірақ жарқын эмоция.

14. Xeno (зат есім) – таныс емес адамдардың бір уақытта ортақ сезімді басынан кешіруі: автобуста бір-біріне қарап қалу, кездейсоқ оқиғаға қатар күлу.  

15. Lilo (зат есім) – бірнеше жыл бойына көріспесе де, кездескен кезде күні кеше ғана кездескендей араласатын, әңгіме де айтылатын шексіз достық қарым-қатынас.

Т. Есқали