Тағдырың өз қолыңда

Тағдырың өз қолыңда

Бір мүгедек қайыршы жігіт болыпты. Оң қолы иығынан жоқ екен. Сырт киімінің жеңі сол қалпында боп тұрады екен. Бір күні ол бір үйдің есігін қағыпты. Үй ішінен шыққан әйел оған:

- Маған көмектесіп анау кірпіштерді үй артына жинасып жіберсеңіз? - депті. Бұл сөзге намыстанып қалған қайыршы:

- Менің қолым жоқ екенін көрмей тұрсыз ба, ақша бергіңіз келмесе мейлі. Тек қорламаңыз бұлай, - дейді.

Әйел үндеместен бір қолын артына ұстап, тек жалғыз қолымен ғана кірпіштерді тасыпты. Мұны көрген қайыршы әлденені түсінгендей, ақырын-ақырын кірпіш тасуға кірісіп кетіпті. Ол барлық кірпішті тасып біткенде қас-қарайып, өне бойын қаратер басқан еді.

Әйел оның қолына 5000 теңге қағаз ақша ұстатыпты. Басын иіп рақмет айқан қайыршыға: «Не үшін рақмет айтасыз, бұл сіздің еңбегіңіздің қарымтасы емес пе?!» депті әйел.

Арада біраз жылдар өткен соң, әлгі үйдің есігінің алдына қымбат бағалы әйгілі автокөлік келіп тоқтайды. Ішінен қара көзілдірік киген, салауатты да салмақты еңгезердей жігіт түсіп келе жатты. Оның оң қолы иығынан жоқ еді. Ол баяғысындай әдеппен есік қақты. Үй ішінен шыққан әйел оны бірден тани қоймады.

- Мен сізге тұңғыш рет жалданып жұмыс істеген мүгедек «қайыршымын». Сіз болмағанда мен бұл күнге жетпес ем. Сізді отбасыңызбен қалаға көшіріп әкетуге келдім. Әуелі үй де алып қойдым, - дейді жігіт. Кішіпейілділікпен бұл ұсыныстан бас тартқан әйел сонда:

- Ол үйді екі қолы да жоқ жандарға тарту еткенім болсын, - депті.

Бұл шағын әңгіме тағдырды өзгерту өз қолыңызда екенін білдіреді. Бәріміздің де қол-аяғымыз бүтін, басымыз аман. Тек талпыныс пен сенім тек қана жеңіске жетелейді.

Әйгілі милиардер Билл Гейтс «Өмірде бақытсыздықтан ешқайда қашып құтылмайсың. Бірақ, бір білерім – ол ерте ме кеш пе, өтеді де кетеді. Уақыт сол күндерден қалған жараны өзі емдейді. Сол үшін де «Бұл қиындық емес. Мен сөзсіз жеңе аламын» деген сөзді үнемі қайталап тұр. Және ешқашан өкінбес үшін орныңнан тұр да, істеуге тиісті ісіңе дәл қазір кіріс» дейді.

Өз өміріңде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін. Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін.

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек