Әріптес ер адаммен достасудың амалы

Әріптес ер адаммен достасудың амалы

Қызметте әріптестер арасында бәсекелестік болатыны белгілі. Ал арулар мен ерлер арасындағы қызмет жолындағы жарыс тіпті ушыға түседі. Әріптестеріңіздің арасында жігіттер саны көп болса, оларды артта қалдырамын деп ойламаңыз. Одан да достасып, тату-тәтті өмір сүрмейсіз бе? Жұмыстағы жігіттермен достасудың сырларын біліп жүріңіздер.

  1. Әңгіме тақырыптарын абайлап таңдаңыз. Кейбір мәселелерді әріптес жігіттермен қозғамай-ақ қойған жөн. Олардың қатарына кеңсе өсектері, қыздарға ғана тән әңгімелер (тамақ даярлаудың қыр-сырлары, маникюр, шаш сәні, жаңа сөмкенің етікке жарасатыны, кешегі сериядағы Күзейдің айтқаны) кіреді.
  2. Жеке ортасына қол сұқпаңыз. Әріптесіңіздің жеке заттарынан, үстелінен, компьютері мен телефонынан аулақ болыңыз. Рұқсатпен құлақшынын алуға болатын шығар, алайда қалған заттарына тимеген жөн. Бұны олар жеке ортасына қол сұғу деп түсініп, табиғи түйсіктеріне сеніп, қорғана бастайды. Кейін оның сізге неге жұмыс бабымен сенбейтініне таң қалмаңыз. 
  3. Сондай-ақ оның жеке өмірі - айтуға тыйым салынған тақырыптардың бірі. Біріншіден, жұмыста "қызмет ауасы" қалыптасқан. Кеңседе отырып, "Қызың бар ма?" деген сұрақ қою орынсыз. Оған толыққанды жауып аламын деп те ойламаңыз. 
  4. Өзіңіздің жеке өміріңіз туралы жар салу да дұрыс емес. Қайғыңызбен не қуанышыңызбен бөліскіңіз келіп тұрса да, бұл жайлы кеңседе әңгіме қозғау оғаш көрінеді. Ал онымен жігіт әріптестеріңізбен сырласқан тіпті мәдениетсіз. Осылайша сіз өзіңіздің жұмысқа кәсіби қарамайтындығыңызды байқатасыз. 
  5. Алайда әріптестеріңіздің қасында талай уақыт өткізгендіктен, оларды елемей, көңіліне қарамай, тек қызмет бабымен араласу мүмкін емес. Әріптесіңіздің сары уайымға салынғанын байқасаңыз, халі жайлы сұрап, айтқанын тыңдап, орынды кеңес беруден бас тартпаңыз. Алайда ол сіздің досыңыз, жақсы танысыңыз емес екендігін ұмытпаңыз.
  6. Ер әріптестермен достасу үшін бойыңыздан жігіттік қызығушылықты табыңыз. Бильярд, футбол, заманауи көліктер, балық аулаулардың арасында сіздің де көңіліңізден шығатын бір нәрсе болуы тиіс. Оны анықтап, жұмыстағы жігіттермен сол жайлы әңгіме қозғаңыз. Ортақ қызығушылықтар адамдарды жақындатады.
  7. Комплименттер айтып үйреніңіз. Комплименттердің күші туралы айтып кеткен болатынбыз. Алайда оларды қылымсу белгісі емес, достық көңіл ретінде көрсету оңай емес. Жылы сөздер айтқанда мейірімді әрі шынайы болсаңыз жеткілікті. Мысалға әріптесіңіздің жетістігін не бүгінгі келбетін мақтаңыз. Психологтардың айтуынша, жігіттер жұмысы жайлы комплименттерді оңай қабылдайды. Ал жеке басына бағытталған жылы сөздерді естіген сәтте көңілдері жаздай жайнайды екен. Бұны да қолданып көріңіз.

Жұмыс - күніміздің тең жартысы өтетін жер. Кеңсемізде жылы, достық қарым-қатынас орнатып, бір-бірімізді түсіне білейік.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: yhod-za-soboi.ru

С. А