Оқшаулау кезінде теріс эмоцияларды қалай тежеуге болады – психолог кеңесі

Оқшаулау кезінде теріс эмоцияларды қалай тежеуге болады – психолог кеңесі
Фото: freepik.com

Белгілі психолог Лимана Құттыбекқызы карантин кезінде жиналатын артық эмоциялар мен негативті дұрыс арнаға қалай бағыттау керегін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мәжбүрлі оқшаулау кезінде әрқайсымызда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Осы жағдайда не істеу керек? Мен мұны өздеріңіз бен отбасы үшін пайдалы жасауға кеңес беремін. Мысалы, спортпен, әдебиет оқумен айналысуға. Ең бастысы – бос отырмаңыз! Сол арқылы сіз жаныңыз бен тәніңізді шыңдай аласыз және негативке оңай төтеп бересіз», – дейді Л.Құттыбекқызы.

Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі байқалғаны рас. Бұл отбасына теріс әсер етіп, оның әрбір мүшесінің, әсіресе балалардың жанын жаралайды. «Үлкендердің есіне салғым келеді: карантин – уақытша құбылыс, вирусты жеңу – уақыт ісі. Жан жарақатын емдеу өте қиын. Бір-біріңізді бағалаңыз және құрметтеңіз, әр минутты пайдамен жұмсаңыз», – дейді Лимана Құттыбекқызы.

Н. Үсенова