Түсіңде жылқы көрсең не болады?

Қазақ ұғымында жылқы – құйрықты, жұмыр тұяқты, ірі қара мал түлігіне жатады. Мінсе көлігі, ұшса қанаты, жесе азығы, ішсе сусыны, кисе киімі, ауырса дәрісі болатын қасиетті малы саналады.

Батыр мен балуанына, шешені мен көсеміне құрметтеп ат мінгізіп аттандырады. Мұның бәрі қазақ халқының жылқыға деген сүйіспеншілігінің айғағы.

Жылқының еркегін – айғыр, ұрғашысы – бие, төлін құлын деп атайды. Жылқы перісі Қамбар ата деп деп білеміз. Қазақ түске кірген жылқыны арман-тілектің жақсы ниеттің жаршысы деп жориды.

Түсіңізде ақбоз ат мініп, аспанда ұшып жүрсеңіз, одан жығылып қалмасаңыз – бұл жақсылық нышаны. Онда сіз өңіңізде ұлық боласыз. Ел ішінде беделіңіз еселеп артады. Халықтың қамқоршысына айналасыз. Ырызығыңыз кең болады.

Егер сол мінген ақбоз аттан құласаңыз, бұл жақсылық белгісі емес. Беделіңіз түсіп, қауіп-қатерге кез болуыңыз мүмкін.

Түсіңізде ер-тоқымды ат мініп, ел аралап жүрсеңіз, ол аттан құлап қалмасаңыз – бұл жақсылық нышаны. Онда сіз өңіңізде үлкен арман-мүдделеріңіз орындалып, ойлаған мұратыңызға жетесіз. Бойдақ болсаңыз, шаңырақ көтересіз.

Сіз түсіңізде ат мініп, ат бәйгесіне қатынасып, одан озып келсеңіз – бұл жақсылық нышаны. Онда сіз барлық бәсекелестеріңізден басым түсесіз. Абыройыңыз аспандап көтеріледі. Басыңызға бақыт құсы қонады. Істеріңіз ілгерілейді.

Егер сіз түсіңізде өзенге немесе арыққа ат суарып тұрсаңыз – бұл жақсылық нышаны. Онда сіздің өңіңіздегі бар қажеттеріңіз өтеледі. Дәулетіңіз артып, байлығыңыз тасиды. Мұндай түс көрген күннен бір аптаға дейін біреулермен жанжалдасып қалудан сақ болыңыз.

Түсіңізде ат тағалап жатсаңыз, не ат ерттеп жүрсеңіз – бұл жақсылық нышаны. Онда сіз өңіңізде алыс сапарға шығасыз. Сапарыңыз сәтті болады.

Ерттеулі ақбоз ат мініп тау басында жүрсеңіз – бұл жақсылық белгісі. Келешекте ел басқарасыз. Бақ жұлдызыңыз өрлейді.

Сіз түсіңізде жылқы бағып, кең далада жүрсеңіз – бұл жақсылық нышаны. Онда ғайыптан тайып байлық оралады. Мерейіңіз өседі.

Егер сіз түсіңізде қара ат көрсеңіз, ол сізді тебетін болса, не мініп жүргенде ұра-жыраға жығып кетсе – бұл жақсылық нышаны емес. Алда қауіп-қатер барын ескертеді.

Түсіңізде атты арқандап жүрсеңіз – бұл жақсылық нышаны. Не ойласаңыз, бәрі орындалады деп болжанады. Түске кірген ат өңіңдегі арманның бейнесі саналады.

Сіз түсіңізде жылқы сойсаңыз, бұл да жақсылық нышаны саналады. Өңіңізде ырыздығыңыз тасиды. Байлығыңыз артады. Үйіңізде той болуы мүмкін.

Ат жарыстырып жүрсеңіз – күтпеген сәттілікке кез боласың.

Ат үстінде құрық ұстап келе жатсаңыз – мал көбейіп, тұрмыс жақсармақ.

Ат қораны тазалап, су берсеңіз – жақсы кісілердің көмегімен сәттілікке қол жеткізесіз.

Сіз түсіңізде біреу-міреуге ат сыйлап жатсаңыз, не сізге біреу ат мінгізіп құрметтеп жатса – бұл жақсылық нышаны. Халық құрметіне бөленесіз.