Махаббаттың мәні тәкаппарлықта емес, қадірлеуде

Махаббаттың мәні тәкаппарлықта емес, қадірлеуде

"Егер мені сүйетінің шын болса, онда тереземнің алдында 100 күн бойы тұрасың. Сонда ғана шығамын" депті қыз.

Мерзімді уақыт бітуге бір күн қалғанда, қыз терезе пердесін ысырып қараса, үш ай бойы тапжылмай күткен жігіт орнынан тұрып, кеткелі жатыр екен.

Сіз жігіт шыдамдылық көрсете алмады деп ойлауыңыз мүмкін. Жоқ, ол төзімділік көрсетуге борыштар болғандығынан емес, қайта өз махаббатын биігінде сақтау үшін 99 күн бойы сабырмен күткен еді.

Жігіттің намысына сүйеніп күткен 99 күнінің қадірін білмеген қыз соңғы бір күннің қадірін біледі деп ойлайсыз ба?! Ол өзі айтқандай 100-күні сыртқа шығар еді. Бірақ, махаббаты үшін емес, уәдесі үшін ғана.

Махаббат, ынтызарлық - адамды құлға айналдырады. Шын ерітсе, хан қызын да тәкаппарлығынан тайдырар құдірет бұл. Сарылып күткен 99 күн тасбауыр жүректі жібіте алмаған соң, бір сәт те кешікпей кетіп қалу ақылға сыйымды. Өйткені, 99 күн - махаббат пен сүйіспеншіліктің қарымтасы. Ал 100-күн - ер жігіт намысының құлаған сәті. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com, vk.com

Қ. Қауымбек