Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өзімді-өзім тәрбиелеймін!

Өзімді-өзім тәрбиелеймін!

Өзімді-өзім тәрбиелеймін!

Адамның нағыз тәрбиешісі - өзі. Өзіңді өзіңнен артық кім білсін? Не керегін, жанның не қалайтынын білеміз. Ендеше неге басқа біреудің келіп, ақыл айтып, өмірімізді өзгерткенін күтіп отыра береміз? Бүгіннен бастап өзімізді-өзіміз тәрбиелеу сабағын жүргіземіз!

  • Бәріне мұқият болыңыз! Айналаңызда болып жатқанның бәріне бей-жай қарамаңыз. Өзіңізге қатысы жоқ дүниеге бас сұқпасаңыз да, бәрін бақылауда ұстаңыз. Жан-жағыңызда болып жатқан оқиғалар жаңа идеяның туындауы мен өмірлік тәжірбие жинауға көп көмек береді.
  • Басыңызға келген бірде-бір идеяны кері қайтарушы болмаңыз. Әрине, ол түкке тұрғысыз болмаса... Егер оны бірден жүзеге асыруға тура келмесе, бір жерге жазып қойыңыз! Оған бір күні болмаса, бір күні бас бұрасыз.
  • Өзіңізге керектің бәрін сырттан алыңыз. Өйткені жұрттар қателесіп жатыр, ағат басып жатыр, алдап жатыр, өкініп жатыр, жылап жатыр... Осының бәріне тура көзбен қарап, жақсысы мен жаманынан сабақ алуға тырысыңыз!
  • Үнемі өзіңізбен бірге журнал немесе кітап алып жүріңіз. Әрине, тек сізге олар қиын жағдайда көмектесе алар болса... Күнделікті өмірде көрген-білгеніңізді, болашақта керек болар деген нақыл сөздерді түртіп жүрер қойын дәптер алып жүріңіз.
  • "Уақыт жетпейді ғой" дегеннің өзінде күніне 30 минут уақытыңызды кітап не газет-журнал оқуға бөліңіз.
  • Үнемі ойланып жүріңіз! Бұл мидың жаттығуы деп біліңіз. Ойсыздардан қорқыңыз.
  • Көбіне бұлақ суын ішуге тырысыңыз.
  • Сөзіңізден ісіңіз көп болсын.
  • Нақыл сөздер мен қанатты сөздер жинағын жиі оқып тұруға тырысыңыз. Өйткені онда сіздің бар әрекетіңіз бен өміріңіз жазылған.
  • Өзіңіз өзіңізге бухгалтер екеніңізді ұмытпаңыз. Кіріс пен шығысты қатаң бақылауда ұстаңыз.
  • Интернет-материалдарды көп оқуға тырысыңыз. Оқып қана қоймай, бір қорытындыға келіңіз!
  • Бір істі орындау үшін өзіңізге нақты уақыт беріңіз!
  • Ұйқыны ренжітпеңіз: Ерте жатып, ерте тұрыңыз!
  • Достықты алдыңғы қатарға қойыңыз. Дос болғанда да, нағыз дос!
  • "Махаббат ше?" деп отырсыз ба? Оны да елеусіз қалдырмаңыңз, әрине. Онсыз бола ма? Тек сіздің кетуіңізге жол берген адамға қайта бармаңыз!
  • Сыйлаңыз, сыйлатыңыз!

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook.com
1552 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 15:45
Пікірлер
+0
28 қараша 2012, 15:46

Ойсыздардан қорқыңыз! :roll:

+0
28 қараша 2012, 15:48

Достықты алдыңғы қатарға қойыңыз.

+0
28 қараша 2012, 15:48

Сайлаумен қатар сыйлату бар

+0
28 қараша 2012, 16:59

"Тек сіздің кетуіңізге жол берген адамға қайта бармаңыз!" Мұндай жағдайды біржақты пікірмен айтуға болмайт

+0
28 қараша 2012, 18:31

Көбіне бұлақ суын ішуге тырсыңыз. алматының ортасынан қайдан аламыз бұлақ суын???

+0
29 қараша 2012, 13:07

"Махаббат ше?" деп отырсыз ба? Оны да елеусіз қалдырмаңыңз, әрине. Онсыз бола ма? Тек сіздің кетуіңізге жол берген адамға қайта бармаңыз!
Сыйлаңыз, сыйлатыңыз!осы пікірлеріңіз ұнады!

+0
29 қараша 2012, 13:29

МЕН ҮНЕМІ ОЙДЫҢ ҮСТІНДЕ ЖҮРЕМ ҒОЙ.. :P

+0
29 қараша 2012, 22:20

жөн-ақ

+0
29 қараша 2012, 23:45

Әр күн кішігірім өмір,сондықтан күнделікті бастан өткенді сабақ етіп жақсы жаққа тартылған дұрыс ақ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...