Өзіңізді қаншалықты бағалайсыз?

Өзіңізді қаншалықты бағалайсыз?

Жаңа сәттіліктерге жетіп, белестерді бағындыру үшін адам өзіне сенімді, батыл, қайсар болуы керек. Ал сіз өзіңіздің күшіңізге сенесіз бе? Өзіңізді қаншалықты бағалайсыз?

Өзіңізге беретін бағаңызды білу қиын емес, мына кішігірім тестен өтіп көріңіз. Ол үшін сізге қағаз бен қалам қажет болады.

Қағаз ортасынан тігінен сызық сызыңыз. Енді осы сызық бойынан кез келген жерге нүкте қойыңыз.

Тест жауаптарын тапсырманы жасағаннан кейін ғана оқыңыз.

Егер нүкте сызықтың төмен жағында болса, демек сіз өзіңізді аса бағаламайсыз. Өзіңіздің дұрыс екеніңізді біле тұра, пікіріңізде соңына дейін тұра алмайсыз. Мақсаттарыңыздан жиі бас тартасыз. 

Егер нүкте сызықтың ортасынан жоғары орналасса, сіз өзіңізге тым сенімді, батылсыз. Өзіңізді бәрінен жоғары санайсыз. Әрине сіз бұндай сүйіспеншілікке лайықты болуыңыз мүмкін. Алайда өзіңізді тым бағалау сәл ғана қиындыққа қатты өкініп, кішкентай жеңістерді елемеуге әкеле алады. Қоғамда өмір сүргеннен кейін, басқалардың ойы мен пікірін тыңдамасқа болмайды.

Нүктеңіз сызықтың дәл ортасына түссе, бұл өзіңізді объективті бағалайтындығыңыздың белгісі. Кемшіліктеріңіз бен артықшылығыңызды да біліп, оларды орынды қолдана білесіз.

Сіз өзіңізді қаншалықты бағалайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: invictory.org

С. А