Арманыңыздағы бастық қандай?

Арманыңыздағы бастық қандай?

Бастығыңыз көңіліңізден шыға ма? Арманға айналған бастық қандай болады? Бұл сұрақтарға жауапты статистика мамандары іздеп көрді.

Олардың жасаған сараптамаларына түрлі жұмыс иелері, түрлі қызмет пен жалақы мөлшерін алатындар қатысты. 

Барлық сұралғандардың бірауыздан айтқан талабы - бастықтары ұжымда жайлы жағдайлар жасауы керек.

Мінсіз бастық атануы үшін оның келіссөздер жүргізу қасиеті жақсы болу керек деп санайды сұралғандардың 61%-ы. Ал 60%-ы жоғары қызметте тек білімі бар, маманданған, тәжірибелі кісі болғанын қалайды. Басқара алу, көптің басын қосу, қол астындағылардың құқықтарын қорғай білу қасиеттерінің бастыққа керектігін 56% атап көрсетті.

Бастық бойында болмауы керек қасиеттердің арасында тапсырманы дұрыс қоя білмеу мен жұмысты ұжымға бөліп бере алмау бірінші кезекте аталды. Қол астындағыларға құрметсіз қарау, дауыс көтеріп ұрсу да ешкімге ұнамайтыны сөзсіз. Ал бастықтың қарапайым қызметкерлермен салыстырғанда айлығының жоғары болуы, оның киімі, келбеті көпшілікті мазаламайды екен.

Ал сіздің бастығыңыз көңіліңізден шыға ма?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bajocuerda.es.tl

С. А