Фотожоба: "Бүгінгі және арманымдағы мен"

Мамандық таңдау – күрделі әрі жауапты іс. Жұмыс тек табыс көзі болып қана қоймай, адамға жақсы көңіл күй сыйлауы тиіс. Өйткені адам өмірінің басым бөлігін жұмыста өткізеді.  

Бүгінгі фотожоба кейіпкерлеріне де бала кезінде "Өскенде кім боласың?" деген сұрақ қойылған. Бірі саяхатшы, бірі суретші болуды армандаған. Бірақ бүгін олар – әртүрлі саланың мамандары.

Ардақ Құлтай 
kaz.tengrinews.kz бас редакторы, журналист – саяхатшы  

Айгерім Асхатқызы 
визажист – суретші

Айбар Рысдаулет
спорт тілшісі – елші

Камила Кеңесова
IT маманы – офис-менеджер

Ернар Алмабек
фотограф – мультипликатор

Ақтоты Жапатова
азпаздық бағдарламалар авторы – сәнгер

Камила Долаева
модель – әнші

Байқағандарыңыздай, сурет кейіпкерлерінің басым бөлігі өзі қалаған салада қызмет етпесе де, соған ұқсайтын, бағыты жақын маман иелері атанған. Әр адамның кез келген уақытта өзі қалаған іспен айналасуға мүмкіндігі бар.