Ең жағымды сезімдер

Сезіну – өмірдегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Хош иіс, тәтті дәм, жанасу, өрнектер – әр күн сайын осы сезімдерді қабылдаймыз. Өмірде ең басты қабілет – кез келген ұсақ-түйектен бақыт көре білу.

☺ «Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса» дейді қазақ. Аяқты қысып, ыңғайсыздық туғызатын аяқ киімді ұзақ уақыт киіп жүріп, шешкеннен кейінгі сезім...

☺ Сәбидің жұмсақ та нәзік бетінен сүюдің өзі бір ғажап.

☺ Көп жұмыс тындырып келгеннен кейін жылы-жұмсақ төсегіңе жету.

☺ Душ суын өзіңізге ұнайтын температураға келтіріп, астында ұзақ уақыт тұрып рахаттану.

☺ Тәтті торттың не көптен аңсаған сүйікті тағамның бір тілімін тату.

☺ Ұнайтын адамды бірінші рет сүю.

☺ Тауарлардың орамасынан шығатын ішінде ауа толы кішкене шарларды жару.

☺ Сатып алған жаңа кітаптың иісіне масаю.

☺ Таңда күліп оянып судан бір ұрттау.

☺ Күн сәулесіне қыздырыну.

☺ Ұйқыға еніп бара жатқанда жақын жаның келіп үстіңе жамылғы жабуы.

☺ Кешке қарай жағалауда ыстық топырақты жалаң аяқ басып жүру.

☺ Жуылып, үтіктелген, хош иісті киімді кию.

☺ Жазғы жылы жаңбыр астында серуендеу.

☺ Ыстық күні денеңе суық су шашу.

☺ Массаж сеансына бару.

☺ Жаңбыр жауғанда озон газының иісінен ләззат алу.

☺ Тоңған қолыңызды отқа жақындатып жылыту.

☺ Түшкіре алмай, түшкіре алмай тұрып түшкіру.

☺ Аса сағынған жанды қысып тұрып құшақтау.

☺ Саф ауада ұйықтау.

☺ Бала кезіңізден таныс иісті не дәмді қайта сезіну.

☺ Жаңа пісіп жатқан кәуаптың не өзіңіз сүйетін астың иісі мұрынға келу.

☺ Көзіңізді ашып жұмысқа (сабаққа) асыққанда, демалыс күн екеніне еске түсу.

Бұл сезімдердің қайсысы сізге ұнамайды? Өзіңіз бақыт табатын сезімдер қандай?