Біздің университет әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келеді

Біздің университет әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келеді

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Жер бетінде университеттей қасиетті орын сирек, онсыз елдің өрекениеті олқы соғады. Университет бейне  порметей алауы сынды білім қуғандарға өз шұғыласын шашып тұрады», дегені бар. Кемеңгердің осы ой ұшығынан–ақ, университеттің ұлт өркениетіндегі теңдессіз үлесін бағамдауға болады.

Ал қазақ өркениеті мен ғылым–білімі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алар орны тым бөлек. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті саналады. Университет  жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы болып келеді.

Ел ғылымының ежелгі родасы саналатын қасиетті оқу орны биыл да толағай табыстарға қол жеткізді. Айталық алғаш рет Қазақстандық университет — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында жоғары орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингінде тағы жоғары орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). Бұл жетістік әлемдік өркениеттің көшіне ілесіп, дүние дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқанымызды айғақтайды.

Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізіп көрмепті.

ҚазҰУ-дың осы рейтингте табысты ілгерілеуінің маңызды факторы кең ауқымды құрылымдық модернизация, нәтижеге бағытталған басқарудың жоғары тиімділігі, сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы болып табылады. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады. Осы кешенді жобалар келешекте ел дамуына да өзіндік ықпал етеді деп сенеміз.

Бүгінде ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде. Бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі артып келе жатқан рөлін ескере отырып, «QS Worldwide» атқару кеңесі 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде бүкіләлемдік форум және жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдады. Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін айғақтайды және елдің жоғары білім беру жүйесін әлемде алға жылжытуға ықпал ететін болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды. Бұл шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметінің қорытындысы негізінде қабылданды. Біз сүйікті білім жұртымыздың жаһандық өркениетке үздік үлес қосатындығына сенеміз. Алдағы уақыттада қазақ ғылымының қарашаңырағы саналатын біздің университет әлемдік бәсекеге қабілеті ел құру мұратына берік іргетас бола алатындығы шүбәсіз.

Автор: Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы
Тоқсанбаева Назгүл Бақытқызы
Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы
Төлебаева Бақыт Тұрғанбайқызы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал