Алдымен кімге көмектесесіз? (психологиялық тест)

Алдымен кімге көмектесесіз? (психологиялық тест)
Фото: pixabay.com

Бұл психологиялық тест сіз туралы бірнеше қызықты мәліметке қанық қылады. Суретке мұқият қараңыз да, алдымен кімге көмек көрсететініңізді ойланыңыз.

1-сурет. Сіз өткен заманның дәстүрлеріне жақынсыз. Қазіргі заманауи өмір ырғағына ілесуге көп күш керек. Өзгерістерге құмар емессіз, жаңа жағдайға да тез үйренісе алмайсыз. Бір істің жаа түрімен айналысу үшін біраз қиындықты бастан өткересіз. Алдыңғы ғасырларда дүниеге келген болсаңыз, өмір сүру жеңілірек болар еді.

2-сурет. Сіз өте сезімтал, эмоцияға берілгіш жансыз. Жақындарыңызға да, бейтаныстарға да қол ұшын созуға даяр тұрасыз. Әділетсіздік көрсеңіз шыдап тұра алмайсыз. Әрдайым жүрегіңіздің әмірімен жүресіз. Сіз өгелерге «жоқ» деп айта алмайтын болғандықтан, өзгелер сіздің мейрімділігіңізді асыра сілтеп пайдаланып кетеді.

3-сурет. Саяхат сүйгіш жан деп сізді танимыз. Жүрген жеріңіз шытырман оқиғаға толы. Барған жеріңізді мерекеге айналдырып жібересіз. Бір сөзбен айтқанда – ортаның гүлісіз. Көпшілігі сізді көріп бірден ұнатады, ал өзіңіз тек таңдаулы адамдарға ғана көңіл бөлесіз. Мұндай адамдар бір жерде ұзақ уақыт отырып жұмыс істей алмайды.

4-сурет. Тәуекелге бел буу мен шытырман оқиғаға бару – сізге тән емес. Аса мұқияттылықты ұнатасыз. Сабырлы, салмақты адамсыз. Алайда айналаңыздағылар сізді іш пыстырарлық адам деп есептейді. Мүмкін сізге қатып қалған қағидаларды бұзып, бір сәт жүрегіңіздің үніне құлақ түру керек шығар. Сонда өмірлік ұстанымдарыңызды да өзгертерсіз.

@. @assel_assanova