Сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялардың атауы

Сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялардың атауы
Фото: freepik.com

"Қысқа күнде қырық құбыламын"- дейді Қожанасыр. Сол секілді кім-кім де бір-ақ күннің ішінде неше түрлі сезім кешіп жатады. Біреуін түсіндіре алса, екіншісінің ғылыми атауы барын да білмейді. Джон Кениг есімді графикалық дизайнер және редактор өмірінің жеті жылын ойдан шығарған сөздерден тұратын сөздік құрастыруға жұмсаған. Ол сол сөздер арқылы түсіндіруге келмейтін эмоцияларға атау берген. 

Сондер
Өмірдегі кез келген адамның өмірі сіздікіндей бірде жарқын, бірде қиындыққа толы, өзіне тән тірлігі мен қорқынышы барын ұғу сезімі сондер деп аталады. 

Монакопсис
Өзіңіздің дұрыс жолда, өз орныңызда емес екендігіңізді сезу. 

Рубатосис
Өз жүрек соғысын тыңдап отырып мазасыздануды рубатосис деп атайды. 

Кенопсиа
Бір кездері адамға толы болып, кейін қаңырап бос қалған қорқынышты атмосфера. Мысалы, кешкі мектеп дәлізі, бос қалған жәрмеңкелер. 

Мауербауертрауригкейт
Адамдардан, тіпті жақын достарынан безіну, олардың жанында болғанын қаламау.

Джоуска
Сіздің санаңыздағы өзіңізбен әңгімелесу сәтіне осындай атау берілген.

Вемодален
Ұялы телефоныңызда сондай суреттердің жеткілікті екенін біле тұра, кез келген жерді сурет түсіруге деген құштарлық.

Анекдох
Ешкім бір-бірін тыңдамай, қатар сөйлейтін әңгімелесу түрі. 

Эллипсизм
Болашақта өміріңіздің қалай өрбитінін білмеуден туатын мұң. 

Лакесизм
Апаттың құрбаны болуға деген құштарлық: ұшақ апатынан аман қалу. 

Адронитис
Біреуден белгілі бір ақпарат алу үшін ұзақ уақыттың керек екенін ұғу. 

Онизм
Адам тек бір денеде, бір мезгілде өмір сүретінін ұғып, түңілу. 

Либеросис
Түрлі нәрселерді ойлауды тоқтатуды қалау сезімі.  

Альтшмерц
Өміріңізде жиі кездесетін бір мәселемен қайта-қайта бетпе бет келуден шаршау. 

Оккхиолизм
Болашақтан үміттің аз екенін ұғу.

Анемоия
Ешқашан бастан кешпеген уақытты сағыну. 

Мал де Куку
Қоғамдық өмірде белсенді болғанымен, араласатын, сенетін адамдардың аз болу құбылысы. Оны қоғамдық аштық деп атайды. 

Дертке құмарту
Сіз өзге біреуді өте тартымды санайсыз және ол сіздің шамыңызға тиеді.  

Түнжарымдық
Түн ортасы болғанда мазалайтын ойлар.

Паро
Не істесеңіз де бәрі дұрыс емес деп ұғу сезіміне "Паро" деген атау берген.

Катоптрик Тристессе
Адамдардың сіз туралы не ойлайтынын білмеуден туатын шарасыздық.  

Мимеомиа
Стереотипті ойлайтыныңызды сезіну және сол ойдан түңілу сезімі. 

Буырқанған сезім
Сізге ұнайтын адамның ұрланақарағанын байқап қалу және содан алатын ләззат сезімі. 

Авенуа
Уақыттың қарсы бағытта жылжуын қалау сезімі.

Т. Есқали