Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Орны толмас өкініш

Орны толмас өкініш

Орны толмас өкініш

Әуежай. Тағатсыздана ұшақ күтіп отырған орта жастар шамасындағы әйел. Ұшу уақытына әлі біраз мезгіл бар. Күту залындағы дүңгіршектен бір кітап, дүкеннен кішкентай қалтадағы пірәндік сатып алды. Бұрыш жақтағы кісі аяғы аздау орындыққа келіп отырған әйел кітабын парақтай бастады. Оның қасына қартаңдау келген ер адам келіп жайғасты. Ортаға қалтадағы пірәндік қойылды. Кітапқа бар назарымен берілген әйел әудем уақытта пірәндікке қол салды. Бір тал. Екі тал. Ол беруін алса, қасындағы ер адам да бір талын алады, екіншісін алса екіншісін... Ол өз-өзіне таң қалып отырды. Аздан соң ашу қысты. Ерегескендей әйел әр тал пірәндікті алып аузына салған сайын қасындағы кісі де бір талын аузына лақтырып жіберіп отырды. Әбден ашуға булықты. «Шіркін, көшеден немесе басқа жақтан кездесер ме едің, ит теріңді басыңа қаптайтын едім!» деп әйел ішінен тістеніп отыр. «Сапар алды ғой, жол үсті, жанжал бастамай-ақ қояйын» ол өз-өзіне басу айтып, зорға отыр.

Ең соңғы пірәндік қалды. Мосқал еркек оны да алды. Әйелдің таң қалғаны ол пірәндікті ортасынан бөлді де, жартысын оның қолына ұстатып, жартысын өзі жеді. Әйел тіптен түтігіп кетті. Дәл сол кезде ұшаққа міну туралы хабарландыру айтылды да, ол орнынан жұлына тұрып, аяғын тақылдата басып жүріп кетті.

Ұшақ іші. Кішкентай сумкасын орнына жайғастырып жатқан әйел тұрған орнында сілейіп қалды. Сумка ішінде дүкеннен сатып алған, қалпы бұзылмаған өзінің пірәндігі тұр. Оның өн-бойын тер басып кетті. Іші удай ашыды. Қатты намыстанды. Өйткені, ол үлкен қателік жасаған еді. Өзімнің затым деп басқа біреудің затын емін-еркін пайдаланды, тіпті енді ол кісіден кешірім сұрау мүмкіндігі де жоқ.

Адам өмірінде орны толмас өкініштерді мына төрт түрге жинақтауға болады екен.

Бірінші, тас лақтырып болғаннан кейін.

Екінші, «айтылған сөз атылған оқ». Сөз ауыздан шығып кеткеннен кейін.

Үшінші, орай өтіп кеткеннен кейін.

Төртінші, уақыт өтіп кеткеннен кейін.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: zastavki.com

3782 6
Рейтинг: +5

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 16 қараша 2012, 14:02
Пікірлер
+0
16 қараша 2012, 12:42

Өмірде болып тұратын жағдайлар. «айтылған сөз атылған оқ»

+0
16 қараша 2012, 12:44

Әттең, уақытты кері айналдыруға болса ғой… Тап сол сағат, тап сол сәтте сол шешімді қабылдамаған болар едім...

+0
16 қараша 2012, 13:04

:( :( :( уақыт өтіп кеткеннен кейін.

+0
16 қараша 2012, 14:19

менде уақыт өтіп кеткен сияқты. өмірде өкінішім көп. тек алдағы күндерге береке берсін

+0
16 қараша 2012, 14:59

керемет ой!

+0
16 қараша 2012, 18:03

Жаксы жазылган

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...