Қазіргі қоғамда адамға қандай дағдылар қажет?

Қазіргі қоғамда адамға қандай дағдылар қажет?
Фото: freepik.com

Мектепте негізгі ғылымдардың бастапқы деңгейін санамызға сіңірсе, университет маман дайындау үшін жұмыстанады. Дегенмен, бүгінде зерттеушілер білім, ғылым секілді бағыттардан бөлек, адамның қоғамда өз орнын табу үшін керекті дағдыларды жиі атап жүргені жасырын емес. Осыған байланысты шетелдік Reddit  сайтының қолданушылары заманауи әлемде адам баласына қандай дағдылар керек деген сауалға былайша жауап берді:

1. "Тігіп үйреніңіз, әсіресе онлайн дүкендер арқылы арзан киім алғанды ұнатсаңыз, тігіп үйренгеннің зияны болмайды. Менің иығыма сәйкес келетін киім табу өте қиын. Кейін киімдерді өзіме сәйкестендіріп, қайта өндеуді үйрендім. Тігін машинасын алғаннан кейін өмірім одан да жеңілдей түсті". @13thmurder

2. "Алғашқы көмек көрсетудің негізін үйренген артық етпейді". @ferenkoi

3. "Google жүйесінің барлық қыр-сырын білу – ең қажетті дағды". @ferenkoi

 

4. "Негізгі қаржылық сауаттылық". @arandomaccountofmine

5. "Керек кезде үнсіз қалуды үйрену керек". @comaloider

6. "Ата-ана балаларына сыни ойлау, тағам дайындау мен экономиканың негізгі сабақтарын үйрету керек. Одан кейін, пысық болғанның зияны жоқ. Бұл дағдыларды меңгерген адамның өмірі жаман болмайды". @fiendishrabbit

7. "Жалақыңыздың қалай есептелетініне мән беріңіз: қандай салық төлейсіз және сақтандырудың қай түріне қаржы жұмсап жатырсыз деген сұрақтардың жауабын білуіңіз шарт". @safeathome1

8. "Келіссөздер жүргізіп үйрену керек: бос жұмыс орнын талқылау немесе автокөлік сатушымен келісу. Уақытында «жоқ» деп айтып білу керек". @BigMacFly

9. "Өзгені тыңдай білу". @imhighbuthearmeout

10. "Кешірім сұрап үйреніңіздер. Қателік жіберу – бәрінің қолынан келеді. Сондықтан, қателіктің орнын толтыру үшін кешірім сұрап үйренген дұрыс". @stickyarson

Т. Есқали