Нобель сыйлығын иеленген Қытай ғалымдарының сөздерінен

Нобель сыйлығын иеленген Қытай ғалымдарының сөздерінен

Нобель сыйлығы алынбас асқар емес. Ең бастысы оған қол жеткізу емес, қайта соған талпыну жолы. Оның өзі үлкен табыс. Төменде Нобель сыйлығын еншілеген Қытай текті ғалымдардың ұлтына, отанына жалпы адам баласына айтар сөздерін ұсынып отырмыз. 

Ғылыми зерттеумен айналысу – тыныс алғанымдай маңызды. Ол өмірімнің бір бөлігі. Мен жөнінен айтқанда, зерттеу – өмір сүру, өмір сүру – зерттеу. (Ли Чжэндао, 1957 жылғы физикадан Нобель сыйлығының иегері).

Мен жаңа бөлшекті зерттеп, табысқа жетпей тұрғанда басқалар мені ақымақ дейтін. Бірақ мен жаңа бөлшекті тауып шыққан соң, жұрт мені талант деп мақтасты. Сонда сезінгенім, ақымақтық пен таланттың арасы бір-ақ қадам екен. (Дин Чжаочжун, 1976 жылғы физикадан Нобель сыйлығының иегері).

Адам өмірі шекті. Егер мағыналы ғұмыр кешем десең, кемелді жоспарың алға қойған мақсатың болсын. Бастан-аяқ өзіңе қожа болуды үйрен. Өзіңді мектеп тәрбиесі мен қоғамдық орта тәрбиесінен шектеме, отбасы ортасының тұтқынына айналдырма. Өз тұрмысыңды өз әміріңе бағындыра біл. (Ли Юаньчжэ, 1986 жылғы химиядан Нобель сыйлығының иегері).

Менің ойымша, ақаусыз білім алу – өзің мағыналы деп санаған істермен емін-еркін айналысуыңа жол беретін, адам миын толтырып қоятын ыдыс санамайтын оқу-ағартуда. Ақаусыз оқу-ағарту – басқаларға сын көзқараспен ойланып, аға буынға шүбәлана қарайтын оқу-ағарту. Осы тұрғыдан қарағанда, Қытай оқушыларының кемшін тұстары менмұндалап тұрады. (Чжу Дивэнь, 1997 жылғы физикадан Нобель сыйлығының иегері).

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек