Уақыты тапшы жандарға

Уақыты тапшы жандарға

Сіз күнде ерте оянып, тез жиналып, жұмыс не сабаққа уақытында келуге тырысасыз. Алайда, аяқ астынан шұлығыңыз тесіліп не жолда кептеліс болып қалады...  Ерте тұр не, кеш тұр не, кешіге бересіз. Күнде өзіңізге жарты сағатқа ерте тұруға уәде берсеңіз де, таңертен бүкіл әлем тек сізді жолдан қалдыру үшін бола қалғандай. Егер сізге осындай жағдай таныс болса, мына айла-әдістер көмегімен еш жерден қалмауды үйреніңіз. 

1. Ұялы телефон мен үйдегі сағатыңыздың уақытын жарты сағатқа ертерек ауыстырыңыз және де оның ауыстырылғаны жайлы ұмытыңыз! "Әй, менің жарты сағатым бар еді ғой" деп жүрмеңіз.

2. Бір таңды қолыңыздан блокнот тастамай өткізіп, істеген істеріңізді жазып отырыңыз. Оған кеткен уақытты да көрсету керек (душ қабылдау - 15 минут, таңғы ас - 10 минут). Кейін жазылған тізімге көз жүгіртіп, қандай істердің көп уақыт талап ететінін анықтаңыз. Мүмкіндік болса, оның уақытын қысқартып, тезірек істеуге тырысыңыз. Кейбір істерді кешке, ұйықтар алдында тындырып тастаса да болады. Мысалға, жұмысқа киетін киім-кешекті кешке таңдап, үтіктеп қою таңертең уақытыңызды үнемдейді. 

3. Егер сізге еш кеңес көмектесе қоймаса, біреудің көмегіне жүгінсеңіз болады. Әрине, бастығыңыздан "Кешіккен жағдайда, маған штраф салуыңызды сұраймын" деудің қажеті жоқ. Жұмысыңыз не оқуыңызда сізді бақылауға ала алатын құрбыңыз не досыңыз бар болар. Одан кешіккен әр 10 минутқа шоколад әкелуіңізге бел буыңыз. Шоколадқа тойып, толып кеткен құрбыңыз, сізді тез уақытта қолға алатынына сенеміз!

Сурет vkontakte.ru сайтынан алынды.

С. А