Өмір - даңғыл жол емес немесе 11 кеңес

Өмір - даңғыл жол емес немесе 11 кеңес
  1. Бастықтың қарсыласы болғаннан, қолғанаты болған абзал.
  2. Досыңнан айырылғың келмесе, оған оңайшылықпен қарыз ақша беруші болма.
  3. Барлық адам сенің досың бола бермейді, басыңа күн туғанда тек санаулысы ғана жаныңнан табылады. Сондықтан, оларды қадірлей біл, зәру болғаныңда қол ұшын беретін тек солар ғана.
  4. Басқалардың орнында мен болсам қайтер едім дегенді бір мезет ойлап қой.
  5. Ашушаң адам үлкен іс тындыра алмайды.
  6. Айналаңдағыларға мейір бағыштай біл.
  7. Мейлі ұлық болсын, мейлі қайыршы болсын, бәрін құрметтей біл.
  8. Алға ілгерілеген-ілгерілемегеніңді басқалармен салыстырма, қайта, бастан кешкен жағдайларға сын көзбен қара.
  9. Жұмыс орныңда көп істеп, аз сөйле, әсіресе, бастығыңды жамандама, аузыңнан шыққан сөз бастығыңның құлағына жетпей қоймайды.
  10. Өмірде қадір тұтқан адамыңды үнемі еске алып тұр.
  11. Ешкім де саған қарыздар емес, сондықтан, елдің бәріне ренжи берме.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan