Қарапайымдылықтағы ұлылық

Қарапайымдылықтағы ұлылық

Ағасы профессор, інісі адвокат, заңгер. Жайшылықта ағасы мен інісі екі жақта тұрып, бөлек өмір сүретін. Үнемі бет көрісе бермейтін. Інісі ызаға булығып, бір құжатқа үңіле қарап жатқан күндердің бірінде ағасы келді.

- Қарашы, олар мені пайдаланып кетті. Мен сотқа беремін оларды!

Әсілі, бір жетімдер үйі қоғамнан жәрдем сұрап, көмек қолын созушыларға арнап хабарландыру басып таратқан. Хабарландырудың соңындағы ұйымдастырушы ретінде інісінің аты тұр. Ол бұл іс жайлы білмейтін болып шықты.

Үйге сыймай ойқастап жүрген інісіне тамыздық беріп, алыс көкжиекке қарап жарты күн отырған ағасы ақыры тіл қатты:

- Анамыздың жарамды кісі болыңдар деген сөзі есіңде болар!

- Әрине есімде, мен үнемі жарамды кісі болуға құлшынып келемін.

- Жарамды адам болу деген не? – деп сұрады ағасы.

- Жоғары білімді, мәдениетті, спортпен шұғылданатын, ақиқатты айтып, шындықты қорғайтын адам жарамды адам. Сізше бұл дұрыс емес пе?

- Жоқ, өте дұрыс. Бірақ, сен мәселенің, тіптен жөнді кісі болудың бір жағын ғана айтып отырсың. Екінші жағын білмейді екенсің, – деді ағасы. – Барлық өздерін жарамды кісімін деушілер тек басқаларға қолғанат болуға, басқалар жағынан пайдаланылуға жарамды кісілер. Құттықтаймын, сен басқалар жағынан пайдаланылып, өз мұратыңа жетіпсің!

Салы суға кеткен інісі, түкке де түсінбей аңырып қалды.

Ағасы сөзін жалғастырды:

- Шаруашылығың шалқыса, ат-атағың аспандаса басқаларға қолғанат болып, олар жағынан пайдаланылып кетуден соншалық алыстайсың. Басқалардың қолғанаты болудан қорықпаған адамнан түк те шықпайды, – деп сөзін тәмәмдады.

- Мен не істеуім керек? – деп сұрады інісі.

- Мына балалар үйінің директорын шақырып ал, оның қоғамнан сұраған қайырына қолдау көрсет, оның аяғынан тік тұрып кету үрдісіне көмектес, – деп көлігіне қарай жүрді. Інісінің жанарынан үміт оты ұшқындады. Өзін жарамды кісі ретінде сезінді. 

Барлық адам маңызды деп санайтын істер – мен үшін түкке де тұрғысыз, барлық адам түкке де тұрғысыз деп санайтын істер – мен үшін өмірімнің мәні. Бұл – Кьеркегордің сөзі.

Адам санасындағы құн көзқарасы әр жастың ерекшелігіне, әр дәуірдің ағысына қарай түрленіп отырады. Біздің қоғамның қарапайымдылыққа деген көзқарасы мүлде жалаң, кісілік пен адамның ішкі әлемін өмірдің сырты жылтырақ өзге «қымбатты» дүниелерімен көміп тастаған.

Іні болған кісінің атқарған игілікті істері оның атағын жер-әлемге паш етті.

Аға болған кісі осындай інінің мұратын ұлылыққа жалғағаны үшін, қарапайым өмірдің, қарапайым көзқарастың иесі болып көкірегі нұрлана берді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan