Әйел заты ер азаматты сүйгенде...

Әйел заты ер азаматты сүйгенде...
Фото: Фархат Токтаров

Әйел заты ер азаматты сүйгенде оның бар өмірінің мәніне айналуды қалайды. Құлай берілгенде толығымен ашылып, бар пәктігін, адалдығын, нәзіктігі мен бал қылығын сол жігітке ғана арнағысы келеді. Кез келген нәзік жанды өз ерінің өзін юар жан жүрегімен сүюін, сезімін әр кез көрсетіп отыруын қалайды. Қандай қарым қатынаста болса да тек өзін аңсап тұрса екен дейді.

Ер жігіті ең мықты қорғаны, ең жақын қолдаушысы болуы үшін онымен өмірінің әр сәтін толықтай бөліскісі келеді. Ал жігіт өз армандарын, болашақ жоспарларын айтқанда, өзін сүйікті сезінеді. Барлық эмоциясын, күлкісін, бақытын, тіпті қорқынышын да өзімен бөліскенін қалайды. Бар ынта-жігерімен оған сүйсініп, әр қасиетін бағалап отырса, өзін әлемдегі ең бақытты жан сезінеді. Азаматы бақытты болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Ер мен әйел арасындағы қарым қатынаста шынайылықтың маңызы зор, олар бүкіл жан-тәнімен бір болуы тиіс. Ол шын мәнінде жанындағы жолдасының өзімен мақтана алуын тілейді.

Баршаңызға азаматыңыз осындай махаббатқа лайық болуын тілейміз!

@. @assel_assanova