Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаман хабарлар стрестік жағдайларға ұрынуға алып келеді. Әйел адамдар мұны көпке дейін ұмыта алмайтын болса, ер қауымы бұл жағдайға төзімді келеді екен. Бұл ақпарды Канаданың Монреаль университетінің ақпарат құралдары PLOS One журналының мақаласы негізінде хабарлап отыр.

Адам күнделікті 6 сағатын теледидар алдында өткізеді. Бұл дегеніңіз бір аптада 42 сағат, ал бір айда 168 сағат болады. Бұдан шығатыны адам баласы ерікті түрде бір айда 7 тәулік бойы теледидар алдында негативті ақпарат көрді деген сөз. Телеарналар көбіне адамның қаза тапқаны, қайтыс болғаны, өлтірілгені, жапа шеккені, мүгедектер мен олардың жылап отырған туыстарын көрсетеді.

Бұған тағы да радио мен газет-журналдар, сосын интернеттегі хабарларды қосыңыз. Керексіз жарнамалар мен бос сандырақ миды сөзсіз улайды.

Монреаль университетінің қызметкері Мари-Франс Марен өз сөзінде 60 адамға зерттеу жүргізген. Бұл адамдарды екі әйел және екі ер адам доптарына бөлген. Бірінші жаққа саябақтың ашылуы, ескерткіш қойылғаны туралы ақпарат оқытқан, ал екінші жаққа жол көлік апатына ұшыраған адамдар жайлы сюжет көрсеткен. Бұдан кейін ғалымдар әр қатысушыдан бөлінген сөлден стрестік жағдайға ұшыраған кезде көтерілетін кортолизді тексерген. Анализ жасаған соң әйелдердің бұл жағдайды өте ауыр қабылдағаны белгілі болған. Ағзада биохимиялық процестердің белсенді қалыпқа түскендігі байқалған. Кейінірек есте сақтау қабілетін тексеру барысында әйел адамдардың ақпаратты толығымен жадына құйып алатындығы да рас боп шықты. Ал ер адамдар ақпаратқа атүсті қарап, көңілге де алмайды екен.

Ғалымдар әйел адамының аналық инстинкт қасиетіне таңданған. Себебі әйел баласы өлім құшқан адамның барлығын да өзінің ұрпағы ретінде қабылдайтыны анықталған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: livejournal.com 

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 31 қазан 2012, 10:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.