Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Скайптағы кездесу

Скайптағы кездесу

Скайптағы кездесу

Ғаламторда танысып, хабарласып, жұп құрып жатқандар аз емес. Әрине "онлайн" кездесу тірідей кездесуді алмастыра алмайды. Алайда, ғашығыңызбен түрлі қалаларда болып, басқа амал болмаса, скайптағы кездесуден дұрыс шешім жоқ. Ендеше скайптағы бейне кездесуге дайындалайық.

Фон таңдаңыз

Ноутбуктың алдына кездесуге отырмас бұрын, артыңыздағы фонға мұқият қараңыз. Скайптың ар жағындағы жігітке бөлмеңіздегі шашылған киім-кешек, тағам қалдықтары көрініп қалмай ма? Артыңызда шам болмағаны да дұрыс: ол досыңызға бөгет жасайды.

Ракурс таңдаңыз

Егер веб-камераңыз ноутбуктың мониторында болса, оны қажетінше еңкейтіп, өзіңізге шақ ракурс таңдаңыз. Ал егер камера компьютерден бөлек болса, оның баптауларын жөндеп, дұрыс жерге орнатыңыз (мысалы монитор үстіне). Кездесуде жігіттің көзіне тура қарау керек қой!

Жарықты жөндеңіз

Тек монитордың түсі жарықтандырып тұрған бет досыңызға онша жақсы көрінбейді. Сол себепті алдыңызға қырынан шам қойыңыз.

Компьютерден алысырақ отырыңыз

Тым жақын отырсаңыз, сүйіктіңіз 3-те 4 суретімен кездесуде болады. Сондықтан сәл алысырақ отырған жөн.

Шашыңызды жіберіңіз

Жігіт сізді тек алдыңыздан ғана көретіндіктен, жасаған кез келген шаш сәнін байқай алмайды. Одан да шашты жіберіп, табиғи сұлулығыңызды көрсетіңіз.

Жеңіл макияж жасаңыз

Қатты боянудың керегі жоқ: сіз үйде емессіз бе? Бірақ жеңіл-желпі боянудан бас тартпаңыз.

Қарапайым киініңіз

Жағдайға сай, қарапайым киініңіз. Арнайы кездесу үшін көйлек киіп, шашты сәндеу керек емес. Алайда киіміңіз тым қарапайым, үйдегі киетін шорты мен футболка болып қалмасын.

Алдын ала тексеріңіз

Алдын ала бейнеңіз бейнекамера арқылы қалай шығатынын тексеріп алыңыз. Бейнекамераны барынша баптап, кездесуге алдын ала дайындалып алған дұрыс.

Ал сіз скайпта кездесулер ұйымдастырасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: partnersforabetterworld.com

476 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 қазан 2012, 21:05
Пікірлер
+0
30 қазан 2012, 18:07

Ойбуй бұған да, тура свиданиеге шыққандай дайындалады екен ғо :D :D

+0
30 қазан 2012, 18:17

Менің бір құрбымның жігіті шетелде оқып жатыр. Екеуі күнде кешкісін скайппен сөйлеседі )) Оның скайп кездесуіне дайындығы да бір қызық. Үйдің ең әдемі жеріне отырғызамыз, сосын бетін "әрлейміз" :D Тек бетін ғана :D

+0
30 қазан 2012, 18:18

Қазір көп пайдаланып жүрмін, дәл осындай ережеге жақынырақ ))

+0
30 қазан 2012, 20:18

жеееесть) мен деген сол түріммен шыға беремін ғой)) мэйк апсыз, үй көйлегіммен, ващееее, үйде комп алдында фул мэйк аппен отыру деген енді)))))))))))))))

+0
31 қазан 2012, 11:35

Бірақ "при полном параде" отырсан да дұрыс емес, мынау мен үшін сонша дайындалған ба деп ойлайды ғой

+0
30 қазан 2012, 23:46

ондай жасанды ис арекет кажет емес -ау. Озимдики басына такия киiп,орамал орап,калай жур солай корине береди

+0
31 қазан 2012, 03:25

:lol: :lol: мен үйде қалай жүрсем, солай отырам и ваще мен кездесу жасап көрмеппін)))) шетелдегі сыныптастарыммен ғана сөйлесем

+0
31 қазан 2012, 08:16

духи сеуіп алыныздар!!

+0
31 қазан 2012, 10:27

заман-ай!!!

+0
31 қазан 2012, 10:36

ұнамайд маған бұлай сөйлесу :x

+0
31 қазан 2012, 22:48

Жігіттерге арналған кеңестер қашан шығады екен? :D

+0
07 қараша 2012, 12:03

а біз білеміз уже ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев