Қыздардың бір күні

Қыздардың бір күні

Қыздар әр күнін қалай өткізгісі келетіндігін білу үшін психологтар зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде нәзік жандылардың ең алдымен отбасы мен сүйгенін бірінші орынға қоятындығын анықтаған. Содан соң ғана жұмыс.

Әр елден жиылған бір топ зерттеушілер 900 әйелге сауалнама жүргізген. Сұрақтарға жауап бергендердің көпшілігі жұмыс істеуді ұнатпайтындығын, уақытының басым көпшілігін жақын адамдарымен өткізуді қалайтындығын айтқан.

Дегенмен қыздар қауымының бір күндік кестесін құру барысында ғалымдар ең сүйікті істің өзіне тым көп уақыттың арналуы кері әсер беретіндігін анықтаған. Мәселен дүкен аралауға үздіксіз 5 сағат уақытын арнаған қыз ол істен жалығып, бетін кері бұрады.

Нәзік жандылардың бір күндік қалауы шамамен мынадай болып келеді. Сұралғандардың көпшілігі бірінші орынға сүйгенімен арадағы қарым-қатынасты қойған. Бұған олар күніне 106 минут (кейде 10 сағат) уақытын сарп етуге даяр болып шықты. Ары қарай... Келесі орында жақын туыстары мен достарымен арадағы қарым-қатынас (82 минут) пен телефонмен сөйлесу тұр (57 минут).

Бір қызығы қыздар қауымы тамақ пісіруге аса құлықты емес болып шықты. Олар бұл жұмысқа күніне 50 минут уақытын арнауға дайын екендіктерін айтты. Ал интернетке кіріп, почта тексеруге бір сағат уақыт керек екен. Осылайша жұмыс ең соңғы орынға табан тіреді. Қыздардың жұмысына күніне жарты сағаттан артық уақыт бөлгісі келмейтіндігі анықталған. Олардың транспортқа да 30 минуттан артық төзе алмайтындығы белгілі болды.

Бұл зерттеу жұмысына қатысты The Sun басылымы пікір блдірген екен. Басылымның айтуынша, қыз баласы мен жігіттер тәулікті әр түрлі елестетеді. Жігіттерге күніне 2 минут романтика мен 30 секундтық душ, 4 сағат теледидарға үңілу, 5 сағат достарымен бірге болу, 8 сағат интернетте қыздармен әңгіме-дүкен құру жеткілікті болып шықты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz