Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Әркімнің түсінігіндегі махаббат

Әркімнің түсінігіндегі махаббат

Әркімнің түсінігіндегі махаббат

Махабатты әркім әрқалай түсінеді. Бірі үшін – майдан әлемі, бірі үшін – мәңгілік нәзіктік. Сіздің ойыңыздағы махаббат қандай?

Сазгердің махаббат жайлы түсінгені: 
Бір жүректе екі махаббат өмір сүре алмайды. 
Бір кеңістікте екі түрлі әуенді ойнауға болмайтыны сияқты. 

Аспаздың махаббат жайлы түсінгені: 
Сорпа мен махаббат ыстық кезінде дәмдірек болады. 
Бірақ тым ыстық болса күйіп қалуың мүмкін. 

Антропологтың махаббат жайлы түсінгені: 
Егер мен аустралопитек болсам, енді ғана пайда болған қос қолыммен сені құшақтап, хомо-эректус болсам сенің түніңе отпен жарық сыйлап, хомо-сапиенс болсам жанымды шүберекке түйіп сен үшін аң аулар едім. 

Электротехнологтың махаббат жайлы түсінгені: 
B=kI/r (магниттік өріс пен қашықтық кері пропорционалды) деген формуланы махаббат теріске шығара алады. Сен қанша алыста болсаң да менің махаббатым әлсіреген емес. 

Бағбанның махаббат жайлы түсінгені: 
Тилландсияға үш күнде бір рет, гринсуанға айына бір рет су құю керек. Егер керісінше істесеңіз, тилландсия қурап қалады да, гринсуан шіріп кетеді. Махаббат дегеніміз - ол адамға не керегін түсіну. 

Астрономның махаббат жайлы түсінгені: 
Оның өмірі көктемгі Арктур жұлдызындай жарық шашқан кезде де, күзгі Алиса жұлдызындай көмескі тартқан кезде де, ол менің көзіме әрдайым сәулесі сөнбейтін Сүмбіледей көрінеді. 

Ақынның махаббат жайлы түсінгені: 
Сенімен бірге өткізген күнім Джон Китстың өлеңіндей сезімтал, сенсіз өткен сағатым Феогнидтің жырларындай мұңға толы.


Дереккөз: "Just Passsion" тобы

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: queen-time.ru
Қосылған күні: 21 сәуір 2018, 18:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.