Тест. Қай алманы жер едіңіз?

Тест. Қай алманы жер едіңіз?
Фото: google.com

Бүгінгі психологиялық тест сіз бейсаналы түрде ойланбастан таңдаған бейнеңізге қарай тұлғалығыңызды анықтайды. Алты алманың ішінде қайсысын бірінші жер едіңіз? Біреуін таңдаңыз, ол сіздің болмысыңыздың басым тұстарын айтып береді.

1. Қоғамның пікірі – сіз үшін жай ғана «күбір-күбір». Өз жолыңыздан таймайсыз, өзгелердің сөзін құлаққа ілмейсіз. Шындықты бетке айтасыз. Сәтсіздікке ұрынсаңыз, сабырлықтың арқасында оңай шешесіз.

2. Торығу – сіздің жауыңыз. Өмірдің мәні шытырман оқиғаларда деп түсінесіз. Қаныңыз арнасынан тасып тұруы үшін барлығын көріп, экстремалдық жердің барлығында болғыңыз келеді. Сізге үнемі адреналин керек. Әйтпесе өмірдің қызығы кетеді.

3. Өзгелер сізді ерекше адамдар қатарына жатқызады. Сізге құрметпен қарап, кеңесіңізге жүгінеді. Жүрегіңіздің түбінде беймәлім күш жатыр, осы барлығын сізге тартып тұрады. Әлеуетіңізді дұрыс қолдана білсеңіз, шыңдардың шыңына шығасыз.

4. Бақылаушы қалпын ұстанып, аз сөйлейсіз. Адамдардың ісі мен сөзіне қарап отырып, егжей-тегжейлі зерттейсіз. Көп уақытыңызды әртүрлі әдебиеттер оқып, өзіңізді жетілдіруге жұмсайсыз. Қарым-қатынаста көп ашыла бермейтін тұйық адамсыз. Тек жақсы танитын жандардың арасында ғана білетініңізді бөлісесіз.

5. Өмір ғажайып – бұл сіздің ғұмырлық ұстанымыңыз. Күн шығып тұрса шынайы шаттанып, жаңбырдан ләззат алып, өмірдің әр ұсақ-түйегінен ләззат ала білесіз. Ашық жарқын, мейірімді адамсыз. Жарқыраған күлкіңізбен маңайыңызға шуақ шашып, барлығына ерекше көңіл күй сыйлап жүресіз.

6. Психологиялық портретіңіз ерекше есте сақтау қабілеті мен асқан ақыл иесі екеніңізді көрсетеді. Бұрында өтіп кеткен күндердің әр сәті есіңізде толықтай сақталады. Жаман жағдайларды да естен шығара алмайтындықтан ұзақ уақыт ренжіп жүресіз. Адамдарға мысқылмен қарайсыз. Ешкім шынайы пейіл-ниетіңізді біле алмайсыз.

@. @assel_assanova