Адасқан буын: психологиялық дағдарыс неден туды?

Адасқан буын: психологиялық дағдарыс неден туды?
Фото: blog.genesys.com

Психолог Джин Твинг өзінің мақаласында «адасқан буын» туралы пікірін білдіріп, зерттеу жұмысымен бөліседі. Ол жиырма жылға жуық уақытын түрлі буын арасындағы айырмашылық пен ерекшеліктерді зерттеуге жұмсайды. ХХІ ғасыр жастарын Z немесе iGen (internet generation) буыны деп атауды жөн санайды. Бұл қатарға 1995 жылдан кейін туған жастар кіреді.

Бұл кезеңде туған жастар тұратын жеріне, отбасылық жағдайына қарамастан интернетсіз өмірдің қандай екенін білмейтіндер деген баға берген.

Әрине, бұл америкалық жастарға сүйене отырып жасалған статистика. Біздің еліміздегі бұл буынға 2000 жылдары дүниеге келген жеткіншектерді кіргезе аламыз.

Психологтың сөзінше, 2012 жылдан бері жасөспірімдердің бойынан эмоциялық өзгеріс байқалған. Оның себебін әрбір екінші жасөспірімнің қолында смартфон болуымен байланыстырған.

iGen өкілдері арасында жол апатына ұшырайтындар, ішімдік ішетіндер, үйден қашатындардың саны азайған. Яғни, олар физикалық тұрғыдан сау. Дегенмен, жасөспірімдер арасында күйзеліс пен өз-өзіне қол салу дерті 2011 жылдан бері өршіп тұр.

Осыған дейінгі буында өмір сүрген жасөспірімдер ертерек көлік жүргіу куәлігіне ие болуға құмартқан. Ертерек өз серігін тауып, ата-ананың қарауынан босауған асыққан. Олардың басты ұраны еркіндік болған деген пікірге ие Джин Твинг.

Қазір ше? Студенттер қыз-жігіт болып жүруге тырыспайды, қарым-қатынастан жасқанады. Бұрында кездессе, қазір "әлеуметтік желі арқылы сөйлесуді" жөн санайды. Кездесіп, телефон арқылы ұзақ сөйлескеннен гөрі, хабарлама жазып, дыбыстық жазба жібергенді жөн санайды.

Әлеуметтік желіде отыратын жоғары сынып оқушыларында күйзеліске ұшырау қаупі – 27%. 14-17 жас аралығындағы жасөспірім күніне кем дегенде 9 сағат ұйықтауы тиіс. Ал, қазір жасөспірімдер күніне 5-6 сағатын ғана ұйқыға жұмсайды.

Психолог бұл мәселенің тек басы ғана дейді. Сіз не дейсіз?

Т. Есқали