Сіз жайлы тағамыңыз бен талғамыңыз сөйлесін

Сіз жайлы тағамыңыз бен талғамыңыз сөйлесін

Біз бүгін сіздің тағамыңыз бен тағам таңдаудағы талғамыңыз арқылы мінезіңізді анықтамақпыз.

Егер адам қатты жемістер мен жаңғаққа үйір болса, онда ол үнемі жеңіске ұмтылғыш болып келеді.

Дәрігерлердің айтуынша қызанақты демократияшыл және кеңпейіл жандар сүйіп жейді, ал қиярды сезімталдар ұнатады.

Үрме бұршақ пен орамжапырақты өз-өзіне сенімсіз, шешім қабылдауда шорқақтық танытатын жандар мен батылдық жасауға қадам жасай алмайтын жандар таңдайды.

Негізі көбіне көкөністерді сүйіп жейтін адамдар қиындықтан қорқады.

Психотерапевтердің айтуынша, алма мен сәбізді бірсыдырғы психикалық адамдар жақсы көреді.

Ал маринадталған, қышқыл және тұздалған тағамдарды бәрін басқарғысы келетін жандар жақсы көреді.

Шыдамды және төзімді жандар пісірілген ет пен шұжықты сүйіп жейді.

Қызғаншақтар ше? Майлы тағамды сүйіп жейтін танысыңыз болса, оның мінезін бағып көріңіз. Нағыз қызғаншақтар - солар.

Кептірілген шұжық пен кәуапті жақсы көретін жандармен романтикалық идея жағынан таласпай-ақ қойыңыздар. Олар бір саяхат немесе іс-шараға байланысты нәрселердің бәрін өздері алдын ала ойлап, жан-жақты жайғастырып, ойластырып қояды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: sekretikov.net

А. Әбілхан