Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жігітіңіздің достарымен қалай араласасыз?

Жігітіңіздің достарымен қалай араласасыз?

Жігітіңіздің достарымен қалай араласасыз?

Досы жоқ жігіт жоқ шығар. Кей қыздар жігітіне және оның достарына жақсы көрінемін деп шектен шығып та жатады. Барлық жерде өз орныңызды біліп жүру үшін мына жазбаны оқып алғаныңыз артық болмас.

Жігітіңіз сізбен кездесіп жүргенде барлық уақытын сізге арнауға міндетті емес. Сізге де, достарына да, туыстарына да бірдей көңіл бөліп, уақытын барлығына жеткізуіне мүмкіндік беріңіз. Достарымен бірге уақыт өткізгісі келсе, қарсылық танытпаңыз, тіпті ренжімеңіз.

Не мен, не ол деген таңдау қоймаңыз. Отбасы, махаббат барлығынан бірінші тұрады дегенмен, ертеңгі күні отбасыңыздың қуанышы мен қайғысын бөлісетін достар да өмірде маңызды орынға ие екенін естен шығармаңыз. Оған сіз де, достары да қымбат, сол үшін мұндай таңдау арасында қалуды ешкім қаламайды. Осындай таңдау жасағаныңыз үшін ғана сізден бас тартса таң қалмаңыз. Себебі олардың достығы сіз ойлағаннан терең де күрделі. Ал егер сізге ұнамағандықтан араласпауын қаласаңыз, шынында да досы жақсы адам емес болса, уақыт өте келе өзінің көзі жетеді.

Достарымен бірге жүрген кезде әзілдеп болса да жігітіңіздің кемшіліктерін айтпаңыз. Керісінше, өзіне көп айта бермейтін қырларын реті келгенде айтып қалып, оның мерейін үстем етіңіз. Жігітіңізді жамандағаныңыз – өзіңізді жамандығыңызды көрсеткенмен тең. Қалжыңдары аса қызықсыз болса да күліп отырыңыз.

Достарына өзіңіз сұрақ қойып, қызығушылық танытып, жігітіңізді қызғандырудың қажеті жоқ. Олармен жігітіңіз жаныңызда кезде ғана сөйлесуге тырысыңыз. Тек қойған сұрақтарына жауап беріп, ұяң қалпыңызды сақтап, жай ғана жымиып отырыңыз.

Әрекеттері, айтқан сөздері көңіліңізге жақпай қалса, қанша жерден мінезіңіз тік болса да, дәл осы жерде өзіңізді ұстауға тырысыңыз. Оларды ренжітетіндей сөз қайтарып, жігерін жықпаңыз. Қонақ етіп күту керек болса, қанша шаршап тұрсаңыз да күліп қарсы алыңыз.

Жаныңызда достары бар болса, еркелеп, ренжіп, назданып, артық қылық көрсетпеңіз. Тіпті жігітіңіз ренжітіп жатса да, қабақ түймей, жылы жауып қойыңыз. Арадағы түсініспеушілікті, ренішті оңаша қалған кезде ғана шешу керек. Отырған жеріңізден шығып кетіп, жылап, сөйлеспей қойып, шу шығару ұят болады.

Достарының жүретін қызымен, келіншегімен сөйлессеңіз, ол туралы білетін деректеріңізді айтпаңыз. Өз жігітіңіздің де құпиясын ашудан сақ болыңыз. Досы мен оның қызының арасында түсініспеушілік туса, оған да араласпаңыз. Ал олар сіздің құрбыларыңызбен танысқысы келсе, досын толық танып білмей жатып, басқамен таныстырудан қашыңыз.

Көмек сұраса, қолыңыздан келгенін аянбаңыз. Бұл туралы жігітіңізді де хабардар етіп отырыңыз. Ал оның рұқсатынсыз өзіңіз достарына хабарласып, көмек сұраудан аулақ болыңыз. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Бекжигит Каренеев
Қосылған күні: 23 қараша 2017, 18:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->