Адамдардың қызығушылығын ояту үшін не істеймін?

Адамдардың қызығушылығын ояту үшін не істеймін?
Фото: reincarnationics.com

Адамдардың қызығушылығын оята білудің өзі – өнер. Өйткені, адамдарға деген қызығушылық қана оны тануға мүмкіндіктерді ашады. Сіздің адамдармен қарым-қатынасыңызды нығайтады.  Қызығушылықты ояту үшін не істеуіңіз керек?
Белсенді адам болу:
Белсенді болыңыз. Белсенді адамдардың қуаты тасып тұрады. Олар әркез өзгені күлдіріп, өзгенің көңілін көтеріп жүреді. Сондықтан, олардың тартылыс күші жоғары болады.  Әдетте, жуас, үндемейтін адамдармен қарым-қатынас орнату қиын.

Еріншек адамдар да бұл қатардан шығып қалады. Өйткені, олар өзге істерге уақытын арнамайтындықтан, ортақ істерді де табу қиынға соғады.

Бақытты адамдардың тартылыс күші жоғары:
Неге? Адамдар айналасын қоршаған адамдардың көңіл-күйін сол сәтте-ақ қабылдап алады. Олар солай қалыптасқан. Бақытты адамдар айналасын бақытты ете алады. Сондықтан, оларды магнитке теңейді.

Белгілі бір дүниеге құштар болыңыз:

– Шығармашылық әрекеттер

– Фильмдер, әндер

– Ғылым саласын меңгеріңіз
Адам бар жан-тәнімен айналысатын ісің айтқан кезде, кез келген адамды қызықтыра алады.

Сананыңызды қызықты заттарға толтырыңыз:
Кітап оқыңыз, театрларға барыңыз, қызықты блогтар оқыңыз, жаңа әуендерді тыңдаңыз. Өзгенің істеп жатқан жұмысына қызығушылық танытыңыз. Сонда ғана өзгелердің еңбегің бағалай білетін боласыз. Әрине, айтатын әңгімелеріңіз де жан-жақты бола түседі.

Біртүрлі адам болудан қорықпаңыз:
Көп адам өзінің ерекше қылықтарын жасырып, қоғамда қалыптасқан бейне бойынша өмір сүруді қалайды. Бірақ, ол сізге көптің арасында байқалуыңызға мүмкіндік бермейді.

Сұрақтар қойыңыз:
Сұрақ қою шынымен де қызығушылық танытып отырғаныңызды білдіреді. Бірақ, сұрақ қоюдың да өз реті бар. Шектен шықпаңыз. Бірақ, сұрауға да ұялмаңыз.

Қызықты баяндаңыз:
Басыңыздан кешірген түрлі оқиғаларды қызықты баяндап үйреніңіз. Осылайша адамдар сізді ұйып тыңдайтын болады.

Бастысы, өзіңізді қызықты адам екеніңізді естен шығармаңыз. 

Т. Есқали