Табысты адамдар құпиясы қандай?

Табысты адамдар құпиясы қандай?
Фото: hiprague.com

Кейде биіктерді бағындырған адамдарға қарай отырып, олардың ешқандай уайымы жоқ секілді көрінеді. Бірақ...

Жетістікке жеткен адамдардың барлығының шаруасы жоспарына сәйкес жүреді. Олар қалаған уақытында кез келген іспен айналыса алады. Олардың жолында тек керек әрі дұрыс адамдар кездеседі. Олар өздерінің мақсаттарын баяғыда-ақ айқындап қойған.

Бірақ, сіздердің ойларыңызда қалыптасқан бұл жетістік картасының астында көп еңбек жасырын жатыр. Табысты адамдар өздері туралы қажет деп тапқанда ғана айтады. Олардың алға басатын қадамдары санаулы тұрады. Олар уақытының 99%-ын жұмысқа арнайды. Ал, қалған бос нәрсеге олардың уақыты жоқ.

Өмірде тек үздіксіз жұмыс жасайтын, өзін аямайтын адамдар ғана жетістікке жетеді.

Табысты адамдардың ережесі бар ма?
Егер мақсатыңызға жеткіңіз келсе, табысты адамдармен араласыңыз. Ешқашан өз ісінің маманы бола білген адаммен сұқбаттасуды қалт жіберіп алмаңыз. Олардан үйреніңіз. Олардың тәжірибесінен сабақ алыңыз. Сіздің салаңызға қажет тұсын түртіп алыңыз.

Сонда ғана табысты адамдар қарапайым, бірақ тиімді ережеге сүйенетінін түсінесіз.

               фв
Алдымен істеуге тиісті жұмыстарды атқарыңыз. Кейін өзіңіздің қалағаныңызды жасаңыз.

Демалмастан бұрын, ізді алға жетелейтін істерді атқарыңыз. Жетістікке жету үшін, сән мен салатанатқа бөлену мүмкіндігіне ие болу үшін бірінші еңбек ету керек. Сізге оңай тимейтіні сөзсіз. Жетістік жолында талай қиындықтың басын шаласыз. Сондықтан, тек айтқанынан қайтпайтындар ғана биікті бағындырады.

Берілмеңіз! Ерінбеңіз! Ешқашан қолыңызды жібермеңіз! 

Т. Есқали