Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / 20 минут ережесі: бәріне үлгер!

20 минут ережесі: бәріне үлгер!

20 минут ережесі: бәріне үлгер!

Істеріңіздің бәріне үлгеру үшін, оларды күнделікті кішкентай бөліктерге бөліп, қалдырмай орындау керек. Бұл үшін 20 минут ережесін қолданыңыз. 

Күнделікті үлкен мақсатыңызға жолда кішкентай қадамдар жасасаңыз, жоспарларыңыздың қалай орындалғанын байқамай қаласыз. Сондай-ақ бұл ережені қолдансаңыз, бірнеше істі бірге алып жүріп, барлығына үлгере аласыз.

"Жасау керек еді" деген істерге күнделікті тек 20 минут бөліп отырыңыз. Ертең де дәл солай. Бірақ күнделікті қайталануын қадағалаңыз. Бір күні қажетті әр істі істеуден еріңбеңіз, бұл тек 20 минутқа ғана ғой!

Бұл ереже әсіресе студенттерге өте пайдалы. Курстық жұмысқа күнделікті 20 минут бөлсеңіз, бір аптада-ақ бітіріп қалуыңыз ғажап емес. Соңғы түні ұйықтамай сабақ жасағанша, іш пыстырарлық сабақтарға күнделікті уақыт бөліп, уақытылы бітірген абзал.

Осылайша бұрыннан бері бастауды армандаған кез келген істі тындыруға болады. Спорт, үйді жинастыру, кітап оқу және т.б. Осы әдісті қолдансаңыз, шаршамайсыз да, бар ісіңізді жасап, өзіңізге риза боласыз!

20 минут ережесі:

  • Күніне 20 минут спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады.
  • Күніне 20 минутты үйін жинастыруға бөлген адамның үйі әр уақыт таза болады.
  • Күніне 20 минут бар назарымен жұмыс жасаған адамның жұмысы бітпей қалмайды.
  • Күніне 20 минут отбасы мүшелерімен әңгімелескен адамның үйінде ұрыс болмайды.
  • Күніне 20 минут өзімен тілдесіп, күнделік жазып не жай өзімен-өзі жалғыз ойланып отырған адамның жан дүниесі жайлы болады.
  • Күніне 20 минут өзінің жиған-құртқан ақшасын сараптап, жаңа табыс көздерін іздеген адамға ақша туралы уайымдамауға болады. 
  • Күніне 20 минут ұйықтамай, жай жатып, еш нәрсе туралы ойланбай, толғанбай, тыныштықта өткізген адамның ұйқысы әр уақыт қанып, сергек жүреді.
  • Күніне 20 минут кітап оқыған адам кез келген салада білікті маман бола алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: tommyzor.com

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 15 қазан 2012, 17:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.