Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ақылды болу анадан

Ақылды болу анадан

Ақылды болу анадан

Ғалымдардың тұжырымына сүйенсек, адамға ақыл-ой қабілетінің 40-60%-ы ата-анасынан беріледі. Соның ішінде зияткерлік (интеллект) гендері тек Х-хромосомалардан табылған.

Яғни, ақылды адамның гені анасының генімен тығыз байланысты. Анасының геніндегі ақпарат доминантты (басым) болған жағдайда, баланың ми өлшемі үлкен болатыны анықталған. Жасушада эмбрионның қалыптасу үрдісі кезінде әкенің гені оның аман-есен жетілуі үшін керек болады. Ол гендер көмкерме (лимбикалық) ми жүйесімен тығыз байланыста болып, ашу, аштық және жыныстық жетілуге жауап береді.

Бір қызығы, зерттеушілер мидың маңызды аймақтарынан әкенің генін таба алмаған. Әсіресе, ойлау, зейін, жоспарлау әрі қабілетке икемділік қызметіне жауапты гендерде мүлде болмаған.

Дегенмен, ақыл-ой қабілеті толыққанды генетикамен байланысты деген тұжырым да қате. Кей зерттеушілер балаларды физикалық әрі эмоциялық тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше екенін атап өтті. Яғни, бала мен ана арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда оның зейініне әсер етеді.

Анасымен берік қарым-қатынас орнатқан балалар өз мақсатына жету үшін тыңбай еңбек ететіні, қиын мәселелердің шешімін табу барысында күйзеліске еркін төтеп беретіні анықталған.

Генетикадағы көрсетілген ақпаратқа қарамастан, әкенің берері де мол. Бала әрқашан әкесіне еліктейді. Зияткерлік өлшемі қанша жерден маңызды болса да, өмірімізді түбегейлі өзгертетін факторлардың қатарына жатпайтынын ескерген жөн.

10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: аikarakoz.kz
Қосылған күні: 09 қазан 2017, 10:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.