Махаббат қай кезде басталады?

Махаббат қай кезде басталады?
Фото: Асхат Зауатбек

Көптеген жұп ең алғашқы кезеңді махаббат деп ойлайды. Олай емес. Романтика азайып, алқызыл көзілдірік шешіліп, алғашқы қиындықтарды бастан өткергеннен кейін махаббат жүрекке қоныстайды.

Дәріптеушілік қадамы

«Бір көргенде көрінер бәрі жақсы». Бастапқы 12-18 айда адамның сырт келбеті, даусы, тіпті кемшіліктері де жағымды болып көрінеді. Сезім шарабына мас болғандай әрі-сәрі күйде жүреді. Бұл кезең болашақ туралы ойлап, соңғы шешім қабылдауға ерте. Уақыт өте келе ол да кемшіліктері бар қарапайым адам екеніне көзіңіз жетеді.

Жалығу кезеңі

Бұл - адамдар бірге тұра бастағанда бастан кешетін алғашқы дағдарыс. Осы кезде не ұнап, не ұнамайтынын айтып, бір-біріне шарттарын қоюы керек. Бір шаңырақ астында тұруды әркім әрқалай елестетуі мүмкін.

Сезімдер дауылы мен эмоциялар басылып, жанындағы адамның артықшылығы мен кемшілігін тура көзқараспен сараптайтын жағдайға жетесіз. Бір-біріне бой үйретіп, бұрынғыға қарағанда емін-еркін, шынайы келбетпен араласа бастайсыз.

Ерекшелік кезі

Бұл әлі де жалғасып жатқан кез келген қарым-қатынаста болады. Ерекшелік сәтінде ұрыс-керіс жиілей бастайды, бір-бірінің кемшілігін бетке баса береді. Ең оңай да ең нашар жолы – ажырасу. Мұның несі жаман? Бәрі қайтадан басталады. Уақыт арқылы сыналған қарым-қатынастан бас тартып, өзге біреумен жаңа өмір бастайсыз. Бәрі қайтадан басталады, ол адаммен де бірінші кезеңнен бастап осы сәтке қайта келесіз.

Қарым-қатынасты қалпына келтіру қадамы

Бір шаңырақ астындағы екі жұп арасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ олар ендігі қайтпас мінез танытпайды. Себебі екеуі де реніш бітетінін, ал қарым-қатынас қалпына келетінін жақсы біледі. Егер екі жақ та шыдамдылық, сабырлылық қасиетін арттыруға күш салса, бұл қасиеттермен бірге парасаттылық та есік қағады. Бұл – табиғат заңы. Сонымен бұл кезеңде екі жас та ақыл тоқтатады.

Борыш әлде сыйластық шағы. Бұл - махаббаттың алғашқы сатысы!

Негізінде осыған дейінгі сезімдер махаббат емес, нағыз махаббат енді басталады. Бұл кезеңде ері де, зайыбы да өзін емес, жолдасын бақытты етуді ойлай бастайды. Өз міндеттерін түсіну адамды жетілдіре түседі.

Достық сатысы

Бір-біріңіз үшін ең жақын, ең қымбат адамға айналасыздар. Ең жақын досыңызға сенгендей сенім артасыз. Достық –түбегейлі махаббатқа дайындық.

Махаббат кезеңі

Нағыз махаббат оңай келмейді. Ол үшін сан жылдар қажет. Ұзақ мерзімді әрі тым жақын қатынаста өмірлік жағдайлардан, сынақтардан сүрінбей өткен кезде ғана махаббатқа жол ашылады. Шынайы пәк махаббат – кенеттен жүрекке кеп шоқ салған жеңіл сезім емес. Өшпес, мөлдір махаббатқа жету үшін адам пісіп жетіледі, өзінің соқыр сенімінен, эгоизмінен арылады.

Адамдар өмір бойы бірге болар жан серігін өз жүрек қалауымен таңдайды. Сондықтан өз таңдауыңыздан ешқашан бас тартпаңыз, ол туралы ешқашан жаман сөз айтпаңыз.

Адалдық пен шыдамдылық – махаббатқа ең қажетті қасиеттер. Махаббат өтіп кетті, сезім өліп қалды деп ойламаңыз, шынайы сезім соңында келетініне сеніңіз!

@. @assel_assanova