Күз неге ерекше?

Күз неге ерекше?
Фото: ficbook.net

Күз – ең ғажайып жыл мезгілі. Мәңгілік көктем болғанымен, мәңгілік күз деген тіркесті ести бермейміз. Өйткені, күз – өзгерістер уақыты.

1. Түстердің бірлесуі
Күзде дала түрлі түске боялады. Жасыл, сары, қызыл түстердің бірлесуі арқылы әсем табиғатты тағы да сүюге мүмкіндік береді.

2. Романтика
Күз – ең романтикалық жыл мезгілі. Қол ұстасқан ғашықтарды кез келген бақтардан кездестіресіз. Суықтан құшақтаса қорғанған ғашықтардың  ең бақытты уақыты.

3. Дәмді тағамдар
Бақтағы әбден піскен жеміс, көкөністердің жиналатын уақыты – күз. Ең пайдалы, дәрімендерге бай тағамдармен қоректенетін сәт те осы кезде туады.

4. Ұзақ түндер
Түнді кіршіксіз сүйетіндер үшін күз  – ең керемет шақ. Түнде адамдардың ойына түрлі идеялар келеді. Адамдар түнгі уақытта белсенді жұмыстанады.

5. Жылы киімдер
Иә, жұмсақ, жылы төсек пен қатар ыңғайлы киімдерді киіп алып қала көшелерін аралайтын уақыт туды.

6. Жаңбырлы күндер
Жаңбырдың астында жалаң аяқ серуендей алмасаңыз да, рахаттануға мүмкіндік туады. Қолшатырсыз, бақытты шақтардың естелігін жасаңыз.

7. Кітаптармен қауышатын сәт
Иә, күз басталған бойда кітап оқитандардың саны күрт артады. Ыстық кофе, жайлы төсек пен ең сүйікті кітаптар. Енді, кітап оқу үшін үйде қалуға себеп керек емес.

8. Жайлылық
Күз де жаздағы қарбаластан соң жайлылық орнайды. Адамдар өздеріне көңіл бөле бастайды.
 
Жылдың қай мезгілі болмасын, өзіндік болмысымен ерекше. Сіз күзді не үшін жақсы көресіз?

Т. Есқали