Тест. Достар махаббаты

Тест. Достар махаббаты

Адам баласы азатпын десе де, қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоршаған адамдарының пікірі мен көзқарасына тәуелді. Бұл – заңды құбылыс. Бүгін қоршаған адамдардың сізге деген көзқарасын анықтауға көмектесетін тест ұсынамыз. "Иә" не "Жоқ" деп жауап беріңіз.

1. Өзіңізді бір күннің ішінде қанша адам бақылап, өзіндік бағасын беретінін білесіз бе? Ал өзгелерге сіз жайында сын айтатынын ше?

2. Адам баласы жанындағылардың өз пікіріне қосылмайтынын білсе де, өз пікірін білдіріп отыруға құқысы бар ма?

3. Айтып тұрғаныңыздың қажеті шамалы болса да, өзіңіздікі дұрыс екенін жеткізудің маңызы бар ма?

4. Өзгелердің сөйлеу мәдениетіндегі қателіктерді байқаған жағдайда түзетіп отырған дұрыс па?

5. Жаңа адаммен танысқан кезде киім, бояу, шаш қою үлгісі дегендер керемет немесе ерекше болуы шарт па?

6. Біреумен танысқан кезде атын естімей қалсаңыз, қайталап сұраған дұрыс па?

7. Өзіңіздің қалжың көтермейтіндігіңізді көрсету арқылы өзімді сыйлата аламын деп ойлайсыз ба?

8. Біреудің сізбен қаншалықты қалжыңдасатынын байқап, тіпті, санап жүрген дұрыс па?

9. Өзіңізбен дәрежесі жоғары адаммен сөйлесіп отырып, сөз таластырған жөн бе?

10. Адам баласы отырған ортасының көңіл-күйіне байланысты икемделе білуі керек.

11. Біреулерге дүние алма кезек болғаны үшін ғана көмектесу керек.

12. Өзіңіздің қадіріңізге жете бермейтінін біліп тұрып, өзгелерге үнемі көмектесе берудің қажеті бар ма?

13. Сіз біреуге тәуелді болғанша, біреу сізге тәуелді болсын.

14. Біреу сіз жайында жақсы пікір айту үшін, тек ғана жақсы қасиеттеріңізді көрсете білуіңіз керек.

15. Саналы адам өзінің достарына ғана көмектесуі тиіс.

16. Отырыстардың бірінде сіз бұдан бұрын естіген күлкілі әңгімені айтып жатса, сөйлеушінің сөзін бөліп жіберу керек.

17. Айтылып жатқан күлкілі әңгімені бұрын-соңды естіген болсаңыз да, сыпайылық танытып күле салғаныңыз жөн.

18. Сізді қонаққа шақырды, ал сіз дәл сол уақытқа киноға билет алып қойдыңыз. Досыңызды ренжітпеу үшін басым ауырып тұр деген секілді сылтаулар айтқаныңыз жөн бе?

19. Өзгелерді өзіңіздікі дұрыс болмаса да, өз ырқыңызға көндіру – үлкен жетістік.

20. Адам баласы қарсыластарын қандай жағдай болмасын жеңе білуі тиіс.

Жауабы:

«Ия» деп жауап берілуі тиіс сұрақтар – 6, 13, 14, ал қалғандарының барлығы «жоқ» деген жауап болуы тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан есептеп отырыңыз.

«Өте жақсы»: 85-100

«Орташа»: 75-80

«Қанағаттанарлық»: 65-70

«Өте нашар»: 0-60

Айналаңыздағылардың ұпай саны жоғары болған сайын сізді жақсы көретіндігіне сенімді болсаңыз болады. 





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK