Мәңгілік махаббат кепілі

Мәңгілік махаббат кепілі

Ғалымдар өз зерттеулерімен таң қалдыруды жалғастыруда. Олардың айтуынша, мәңгі махаббат бар! Және ол кішкентай ұсақ-түйектерге байланысты. Статистика негізінде жүргізілген бұл сараптама екі ғашықтың жастағы айырмасын, қызығушылықтар мен әдеттерін есепке алған.

Сонымен сіз өз қарым-қатынасыңызды мәңгі, берік махаббат деп атай аласыз, егер:

  • Ғашығыңызбен достарыңыз арқылы таныссаңыз.
  • Екеуіңіздің ортақ бір қызығушылығыңыз бар болса.
  • Сіздер күніне үш реттен кем емес құшақтасасыздар.
  • Бір-біріңізге жылы сөздер айтудан шаршамасаңыздар.
  • Айына екі реттен кем емес романтикалық кеш, кездесу ұйымдастырсаңыздар.
  • Үйлену тойларыңыз кездесе бастағаннан кейін 3,5 жылдан кейін болса.
  • Сіздердің жас айырымдарыңыз 2 жыл 3 ай болса. Әрине жігітіңіз сізден үлкен болуы тиіс.
  • Екеуіңіз айына кем дегенде екі рет уақытты бөлек өткізесіздер.

Ғалымдардың айтуынша, үйленуге ең жақсы жас - 31 жыл. Қарым-қатынасыңыз "мінсіз" махаббат қағидаларына дәл келсе, қуана беріңіз. Алайда бұның бәрі тек ғалымдардың кезекті сараптамасы екенін ұмытпайық. Шын сезімге еш қағидаларға қарамастан, бір сәтте-ақ беріліп кетсе болады емес пе?

Ал сіздің ойыңызша мәңгі махаббаттың кепілі неде?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А