Біз неге өтірік айтамыз?

Біз неге өтірік айтамыз?
Фото: http://zazerkaliya.livejournal.com/

Бәріміз өтірік айтамыз. Бірақ мұның себебі неде екенін ескере бермейміз. 

Біз неге өтірік айтамыз?

Оның себебі көп. Өйткені, адам шексіз психологиялық жүйеден құрылады. Адамды өтірік айтуға итермелейтін түрлі жағдайлар кездеседі.

Өзгелерді қорғау үшін

Жақындарымыздың сезіміне сызат түсіріп алмау үшін өтірік айтуға тура келеді. Кейде үлкен құпияны жасыру үшін өтіріктің көмегіне жүгінеміз.

Өзін қорғау үшін

Кей адамдар бойындағы эгоизмді жеңуге қауқарсыз. Сол себептен басына қауіп төнсе, өтірік арқылы оны өзгеге аудара салудан жасқанбайды.

Өзіне назар аударту үшін

Кейбір адамдар жылуды даладан іздейді. Сондықтан адамдардың назарын аударту үшін түрлі өтірік хикаяларды ойдан құрастырады.

Ер адамдар неге өтірік айтады?

Әйел адамдар ер адамдарға қарғанда сезімтал. Сондықтан, кішкентай нәрсенің өзін үлкен дауға айналдыруы әбден мүмкін. Ер адамдар көбіне бұл жағдайдың алдын алу үшін өтірік айтады.

Әйел адамның жанын жараламау үшін

Ер адамдар саналы түрде өзін отбасының тірегі санап, әйел адамды мұң мен қайғыдан қорғауды өз міндетіне жіктейді. Кейде, сол үшін өтірік айтуға тура келеді.

Өзіне деген сенімсіздікті жасыру мақсатында

Ер адамдар жұмысы, сүйікті ісі мен жеке өмірі туралы жиі өтірік айтады. Осылайша өзіне деген сенімсіздіктің орнын сөзбен толтырмақ болады.

Әйел адамдар неге өтірік айтады?

Әйел адамдар мен ер адамдардың өтірік айту себептері ұқсас болғанымен, аздаған ерекшелік бар.

Біреудің көңіл-күйін көтеру үшін

Әйел адамдар көңілсіз ортаны жақтыра бермейді. Сондықтан қасындағы серігінің көңіл-күйін көтеру үшін өтірік айтуы әбден мүмкін.

Әлсіз болып көрінбеу үшін

Әйел адамдар келеңсіз жағдайлардың барлығынан өзін берік адам ретінде ұстау арқылы қорғанады.

Өзінің бағасын арттыру үшін

Достары мен әріптестері алдында өзінің шынайы бет-әлпетін жасыру үшін өтрік айтады. Яғни, осылайша өзінің бойындағы сенімсіздікпен күреседі. 

Бәрінің өз себебі бар. Бірақ, соңғы уақытта өтірікті жиі айтатыныңызды сезіп жүрсеңіз, онымен күресті бастаңыз. Әйтпесе, әдетке айналып кетеді.

Т. Есқали