Сәтсіздіктен арыламын десеңіз...

Сәтсіздіктен арыламын десеңіз...
Фото: https://share.america.gov

Сәтсіздік – өмірімізде жиі орын алатын қиындықтардың бірі. Бірақ, онымен күресу өз қолымызда.

1. Сәтсіздіктерге орала бермеңіз

Сіздің өміріңіз ойыңыздың айнасы екенін естен шығармаңыз. Егер сіз тек өміріңіздегі қара түсті аңғаратын болсаңыз, шынымен сәтсіздіктер сіздің адал досыңызға айналады. Жолыңызда кездескен қиындықтар мен жеңілістерді өмірлік тәжірибе ретінде қабылдаңыз. Өміріңізге шүкіршілік айтудан жалықпаңыз.

2. Мүмкін емес дүниені күтпеңіз

Күту әрқашан жақсы аяқтала бермейді. Кенеттен болған сәттердің барлығы ерекше есте қалады. Ал, сіз күткен сайын сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігіңіз артады. Қиындықтар бәрінің басында кездеседі. Тек кейбіреулер қиындыққа мән бермей, одан оңай аттап кетеді.

3. «Бұл жағдайға қалай жеттім?» деген сауалды өзіңізге жиі қойыңыз

Сәтсіздікке қалай душар болдыңыз? Жағдайыңыз ойдағыдай болмауына не кедергі? Осындай сауалдар арқылы мәселенің басын ашып алыңыз. Өзіңізді ақтамай, керісінше, қатал сынмен қараңыз. Мүмкін, жауабын тауып қаларсыз.

4. Ұсақ дүниенің өзіне мән беріңіз

Бұл ақымақтық секілді. Бірақ, сөзсіз жүзеге асады. Ұсақ дүниеге мән беру арқылы сіз ойыңызды жинақтайсыз. Өміріңіз қиындықтан бөлек, қуанышты сәттерге толы екенін аңғарасыз.

5. Мейірімді болыңыз

Бірақ, оның қайтарымын ешқашан күтпеңіз. Алғыс айтса екен деп тілемеңіз. Біреуге жақсылық жасап, көмегіңіз тиген кезде сіз өзіңізді анағұрлым бақытты сезінесіз.

6. Ойыңызды ашық айтып, эмоцияңызға ерік беріңіз

Реніш, өкпе секілді ауыр ойлардан арылыңыз. Оны ішіңізге жинамай, сол бойда сыртқа шығарыңыз.

7. Өзгеге тілектес болыңыз

Эмпатия — өзге адамның көңіл-күйі мен сезімін түсінуге мүмкіндік беретін адам бойындағы ең маңызды қасиет. Сіздің көңіліңізге қаяу салған адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Оның іс-әрекетінің себебін түсінуге тырысыңыз. Тіпті, неге олай жасағанын өзінен тікелей сұраңыз. Мүмкін, сол кезде өкпеңізге нүкте қоярсыз.

Ұзақ өмір сүріңіз!

Т. Есқали