Арманның жетегіне ерсеңіз....

Арманның жетегіне ерсеңіз....
Фото: fluper.ru

Не маңызды? Арманның жетегіне еру дұрыс па әлде арманнан бас тартып пайда әкелетін дүниенің соңынанан ерген дұрыс па? Дегенмен, арман бұл қиялдан туған ойлар ғана емес, сіздің мақсатыңыздың бастапқы баспалдағы екенін естен шығармаңыз. Арманның жетегіне еретін болсаңыз сіз неге қол жеткізесіз?

1. Сіз айналаңыздан тек арманыңызды байқайтын боласыз.

Дэн Салливан бір сөзінде «Біздің көзіміз бен құлағымыз миымыз керек ететін нәрсені ғана көреді әрі естиді»,– деген болатын. Сіз арманыңыздың жетегіне еремін деп шешім қабылдаған сәттен бастап, алдыңыздан жаңа әлемнің есігі айқара ашылады. Сіз бұрын байқамаған мүмкіндіктерді көре бастайсыз. Сіздің бар назарыңыз арманыңызды шындыққа айналдыратын кез-келген нәрсеге ауады.  

2. Мақсатпен әлденетін шексіз күшке ие боласыз.

Арманыңызға бір табан жақындаған сайын сіздің бойыңыздағы энергия таси түседі. Жоқ, ол ешқашан бітпейді. Сіз сол жолда еңбек ету үшін еш қиындықсыз ерте тұратын боласыз, ұзақ уақыт бойына бір жұмысқа зейініңізді аудара аласыз, сізге өзге біреулерден мотивация керек те емес. Бастысы, ұйқыңыз қанады.

3. Санаңызды жетілдіресіз

Арманыңыздың баспалдағымен келе жатқан соң, келесі қадамды нақты басу шін сіз ізденіс үстінде боласыз. Оқисыз, санаңызды жаңа ақпараттарға толтырасыз. Бұл кезде сіз үшін уақыт тоқтап қалғандай әсер етеді. Дәл арманыңызға жетуге уақыт кедергі секілді. Бірақ, уақыттың өзі сізден оқуды талап етеді.  

4. Оқығаныңызды өмірде қолдануды үйренесіз

Сіз оқыдыңыз, түсіндіңіз. Енді үрдісті жылдамдату үшін оны қолдануыңыз керек. Сіз арманыңызға жету жолында мыңдаған тәжірибе жасайсыз. Өзіңіздің жеке зерттеуіңізді жүргізесіз. Бұл өмірлік сабақ деп аталады.

5.  Қорқынышты жеңесіз

Дәл қазір сіздің өмірлік мақсатыңыз біреулер үшін күлкілі болып көрінуі әбден мүмкін. Тіпті, ұят дейтіндер де табылады. Демек, олар армандаудың не екенін білмейтіндер. Өзіңізге деген күмән бойыңызда тығылып жатырған қорқынышты оятып, табандылықты тұншықтырып тастайды. Сіз бүлікшіл болыңыз. Өзіңіздің дұрыстығыңызды тек іспен дәлеледеңіз.

6. Сіздің бар қажеттілігіңіз толығады

Міне, сиқыр. Сіз арман әлеміне аяқ басқан сәттен бастап, сізге қол жетпестей көрінген бар қажеттілігіңіз толығады. Ақшаңыз молаяды, зияткерлік қабілетіңіз арта түседі, жан-дүниеңіз тыныштыққа бөленеді. Неге бұлай деп сұрамаңыз. Тек келген дүниені қарапайым бейнеңізді сақтап отырып қабылдаңыз. Қарапайымдылық – арманның орындалуына себепші болатын нәрселердің бірі.

7. Қарым-қатынасты нығайтыңыз

Сіз өзіңізге не керек екенін ұққан сәтте сізге қол ұшын созуға дайын жандар табылады. Қарым-қатынас – кез-келген саяхаттың тірегі. Соны жадыңызда мәңгі сақтаңыз. Сіздің саяхатыңызда қамқор жандар да, көре алматын адамдар да кездеседі. Тек сіз жақсы болыңыз! 

Сіз армандаңыз. Армандаудан жалықпаңыз әрі айналаңыздағы жандарға да соны үйретіңіз!

Т. Есқали