Өмірдің 7 ережесі

Өмірдің 7 ережесі
Фото: www.psyh.ru

Тәртіп – тәрбиенің негізі. Тәртіп ережеге бағынады. Өмірдің де өзіне тән ережелері бар. Олар адам болып қалыптасуыңызға септігін тигізіп қана қоймай, шешімді дұрыс қабылдауға үйретеді.

1.Айна ережесі

Сіздің қоршаған адамдар – сіздің іс-әрекетіңіздің айнасы. Олар сіз байқай бермейтін ұсақ-түйек әрекеттің бәрін көрсетеді.

2.Таңдау ережесі

Сіз өз өміріңізге қатысты кез-келген жағдайда таңдау жасауға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, жасалған таңдауыңызға бола өзгені жазғыру – қателік. Өмірде жаман немесе жауыз адамдар деген ұғым жоқ – бақытсыздар бар. Сіздің өміріңіздегі барлық мәселенің себепкері – өзіңіз.

3.Қателік ережесі

Барлық адам қателікке бой алдырады. Өзгелердің барлық сіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп бағалай бермейді. Шынайы өмір тек ақ пен қарадан ғана емес, сұрғылт немесе сарғыш ақшыл түстерден де тұратынын ұмытпаңыз. Яғни, мінсіз ешнәрсе жоқ. Мінсіздік – сіз өз қателеріңізді мойындаған сайын бойыңызда арта түседі.

4.Үйлесімділік ережесі

Өмірдің құрылымы солай: сіз қандай нәтижеге қол жеткізетініңіз сіздің жасаған әрекетіңізбен өлшенеді. Өзге біреуді бар жаныңызбен сүймей тұрып, одан сізді сүюді талап етсеңіз күлкілі көрінеді. Сонымен қатар, сіз өзгерген сәтте сізді қоршаған ортаның да бірге өзгеретінін естен шығармаңыз.

5.Тәуелділік ережесі

Сіз ешкімге ештеңе қарыз емессіз. Сіз айналаңызға қол ұшын соза аласыз. Бірақ, уақытында «жоқ» деген жауапты да айтып үйренгеніңіз дұрыс. Егер айта алмасаңыз, ол – сіздің әлсіздігіңізді көрсететін белгі.

6.Қарым-қатынас ережесі

Өткенмен өмір сүруді доғарыңыз. Өткенге қарайлау арқылы уақытыңыздың жартысын жоғалтып аласыз. Өйткені әр секунд сайын өміріңіздің дәл қазіргі сәті өтіп жатады. Сіз осы сәтіңізді бағалаңыз!

7.Үміт ережесі

Өмірге өкпе артып жүргенде ол жаныңыздан байқатпай зу етіп өтіп кетеді. Сіздің спортыңыз – дала, әлем, жел мен әсем гүлдер. Теледидар қарап, достарым деген адамдармен ғаламтор арқылы сөйлесемін десеңіз сіз өзіңіздің емес, өзге біреудің өмірін кешіп жатқаныңызды естен шығармаңыз.

Т. Есқали