Энергияңызды жұтатын әдеттер

Энергияңызды жұтатын әдеттер
Фото: 4brain.ru

Адам баласы – өте төзімді жаратылыс, дегенмен, бәрінің шегі болады. Кейбір адамдар түске таман өзінің бойындағы күшін жоғалта бастайды. Ал, басқасы ұйқыдан тұрғаннан-ақ өзін әлсіз сезінеді. Нәтижесінде, күнделікті шаруларға күшіңіз бен уақытыңызды сарп етесіз. Өнімділік азайып, адамның тың дүниені ойлауға деген қабілеті жойылады.

Неге? Шектен тыс жұмыс жасап жүріп, біз жабық шеңберге қалай еніп кеткенімізді аңғармай қаламыз. Одан қалай шығуға болады? Өзіңіздің бойыңыздағы күшіңізді тартып алатын әдеттерді саралап, өзге бағытқа бұрылыңыз.

Тым көп ұйықтау

Ұйқысыздық дерті адамға қалай әсер ететінін білетін боларсыз. Дегенмен, шектен тыс көп ұйықтау да – зиян. Психологтардың пайымдауынша, оятқыштағы тағы біраз ұйықтауға мүмкіндік беретін «snooze» батырмасының өзі жүйке-жүйесіне кері әсерін тигізеді: «Бес минут» дейсіз де, дұрыс ұйықтамайсыз әрі көңіл-күйіңізді құртасыз.

Таңғы асты ішпеу

Кеш жаттыңыз, ұйқыңызды қимай тағы да кеш тұрдыңыз. Ал, жұмысқа баратын уақыт болса таяп қалды. Шешімі – таңғы астан бас тарту. Таңғы асты уақытылы ішу күні бойы бойыңызға нәр береді. Одан бас тарқаныңыз тек көңіл-күйіңізге ғана емес, денсаулығыңызға да кері әсер етеді.

Ұялы телефоныңызға келген  хабарламалар мен почтаңызды үнемі тексеру

Бәріміз – ғаламторға тәуелдіміз. Ұялы телефонды бір мезгіл тексеріп отыру міндетімізге айналған. Хабарлама болмаса өзімізді жалғыз сезініп, өмірден «түңіліп кетеміз». Бұл әдеттен арылыңыз.

Әлеуметтік желілер

Бойыңыздағы энергияны жоятын әдеттердің ішінде әлеуметтік желілер рекорд орнатады. Себебі:

– Өзге парақшаларға қарап отырып, өзімізге бұйырмаған нәрселерді сараптап, өмірден қалып қойғандай күй кешеміз.

– Лайк пен пікірге деген тәуелділік туады.

– Күн батып бара жатқан кешкі дала көрінісінен, түскі асымыз бен ойын-сауық кешінен ләззат алудың орнына, оны қалай суретке түсіріп, әлеуметтік желіге таратуды ойлаймыз.

–  Әлеуметтік желіде өзіміздің жаңа нұсқамызды өзіміз жасап шығаруды ойлаймыз.

Ішімдік қолдану

Ішімдіктің зияны таңертең байқалады. Сондықтан, шаршағанды ұмыту үшін ішімдіктің көмегіне сүйену күйзеліске түсіреді.

Кептеліс, кезек, күту

Көптеген адамдар өз жұмыстарын ашулы түрде бастайды. Өйткені, таңертеңгі кептеліс оның бар энергиясын өзіне тартып алады. Мүмкін, бейтараптылық танытып, күнделікті құбылыс ретінде қабылдасаңыз, өміріңіз әлдеқайда жеңіл болар ма еді?!

Мәселелердің шешімін таппай ойлану, мазасыздық.

Үнемі ой үстінде жүріп, мәселенің шешімін таба алмай қиналсаңыз, оның бәрін жүк қылмай тастап кете беріңіз. Уақыты келгенде кез-келген нәрсенің түйіні шешіледі. Ал, оған дейін мазасыз ойларыңызды тәтті қиялдарға алмастырыңыз.

Нақты тайм-менеджмент

Уақытты тиімді пайдаланған дұрыс-ақ. Бірақ, олай өмір сүремін деп, бағалы сәттеріңізді жоғалтып алмаңыз. Адам ширақ қимылдай білуі керек.

Өтірік

Өтіріктің аяғы шизофренияға әкелетінін білесіз бе? Өтірік айтып, кейін өзіңізді кінәлі сезінесіз. Ұяласыз әрі шындықты біліп қоймас па екен деп мазасызданасыз. Ал, ол сіздің бар энергияңызды жұтып алады.

Егер аталған тізімде өзіңізге тән әдеттерді байқасаңыз, қазірден бастап күресіңіз. Бойыңыздағы күш – ұзақ өміріңіздің кепілі.

Т. Есқали