Нағыз «өз адамыңызды» кездестіргенде...

Нағыз «өз адамыңызды» кездестіргенде...
Фото: Самат Мырзалиев

Жігіт пен қыздың қарым-қатынасы болашағынан үміт күттірер болса, қыздар үшін шынында да осы азаматтың өмірлік жары болуға дайын ба, жоқ па деген мәселе бар. Бұл сұрақтың жауабын бірнеше белгіге қарап анықтауға болады. 

Сіздер бір-біріңіз арқылы мақтана аласыздар 
Шын сүйген адамымыздың кемшілігінің өзіне сүйсіне алатын жағдай кездеседі. Ал егер оның кемшіліктері үшін ұялып, өзгелердің алдында ақтап ала алмайтын болсаңыз, жағдай басқаша. Оны достарыңызға, ата-анаңызға, әріптестеріңізге мақтап айта алатын болсаңыз, бұл – жақсы. 

Құндылықтарыңыз бірдей 
Ұсақ-түйекке келгенде көзқарастарыңыз қақ жарылуы мүмкін. Мысалы ол аңға шығып, сейіл құрғанды ұнатады, ал сіз үйде бірге кино қарауды жақсы көресіз. Бірақ шын сүйетін адамдыр үшін мұндай түйіндер оңай шешіледі. Бастысы өмірлік көзқарастарыңыз, ой-пікіріңіз сәйкес келсе болғаны. 

Болашақты жиі әңгімелейсіздер 
Сіздер жай ғана айтатын әңгіме табыла беретіндіктен сөйлеспейсіздер. Телефонмен, әлеуметтік желілермен, көзбе-көз сөйлескенде де жай ғана уақыт өткізу үшін емес, болашаққа жоспар құрып, отбасы құру туралы, болашақ балалар жөнінде әңгіме құрасыздар. 

Келешегіңізді бірдей түрде көресіздер 
Қоғамда өзіңізді бірнеше жылдан кейін қалай елестетесіз деген танымал сұрақ бар. Бұл сұраққа берер жауаптарыңыз екеуіңізде де бірдей не өте ұқсас болуы мүмкін. 

Бір-біріңізге сенесіздер 
Қарым-қатынаста сенімнің ролі аса зор, тіпті негізгі ірге тасы деуге де болады. Бір-біріңізді қандай жағдайда да қабылдауға дайын болсаңыз, қандай кемшілігіне де көз жұма қарай алсаңыз, сіздерде шынында да сенім атмосферасы қалыптасқан белгісі. 

Алаулаған махаббат кетсе де, сыйластық кетпейді 
Көптеген зерттеуші бастапқыдай лаулаған сезім ұзаққа созылмайтынын дәлелдеуге тырысқан. Бір-біріңізге өліп-өшіп тұратын махаббаттың лебі басылса да, көңілдеріңізге қаяу салмауды ойлап, жағдайын жасасаңыз, осы сіздің нағыз азаматыңыз.

@. @assel_assanova