Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ренішті іште сақтама

Ренішті іште сақтама

Ренішті іште сақтама

Реніштің себептері тым көп болуы мүмкін. Жақын тартып жүрген досыңыздың қатты кетіп қалжыңдауы, танысыңыздың сыртыңыздан өсек таратып, тіл жүгіртуі, біреудің тым қатты шығып кеткен дауысы.

Әркім болмысына қарай түрлі нәрселерге ренжи береді. Кейбір азаматтардың өкпелей қоюы қиын болса, енді бірі абайсыз айтылған азғантай сөз үшін өкпесі қара қазандай болуы мүмкін.

Біз өкпе мен реніштен құтылудың жолдары мен тәсілдері туралы айтатын боламыз. Бұл неге керек дейсіз бе? Әңгіме мынада. Ішіңізде пайда болған өкпе мен реніштің ешкімге зияны жоқ болып көрінсе де оның тигізетін кері әсері тым үлкен. Ең алдымен өзіңізге.

Алда мақсатыңыз бар, өсіп-өркендеп, дамуды мақсат қылған адам болсаңыз, жүрегіңізде пайда болған өкпе сізді алға тартудың орнына кері кетіріп, құлдырата түседі. Яғни жүректегі сол бір жара сізге жүк болып, алға жылжуға мұрша бермейді.

Қарапайым логикаға салсақ, бізге зиян келтіретін нәрселерден құтылудың жолын іздеуіміз керек. Яғни іште ренішті сақтамаудың тәсілдерін қарастыру керек. Себебі сыртқа шықпаған, көңілдің көлеңкесінде қалып қойған у бізді ішімізден жегідей жеп, құрта бастайды. 

Алдымен өкпелетушінің мотивтерін түсінуге тырысқан жөн болады. Егер ол адам сіздің кемшілігіңізді айта отырып, түзегісі келген болса, оған ренжудің еш бір реті жоқ. Жылатып айтқан достан артық жолдастың болмайтынын түсіну керек. Бұл жағдайда сезіміңіз бен ойыңызды қайта қарастырып алған жөн болады деп ойлаймын.

Тағы бір момент. Өкпелетуші сол ісі арқылы сізді төменшіктетіп, түрлі айла-тәсілдер арқылы өзін жоғары көрсетуді мақсат қылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы туралы өз ойыңызды бүкпесіз жайып салған өте орынды. Біріншіден негатив іште қалмайды. Екіншіден ол пендені орнына қойып, өз ойыңызды ұқтырасыз. Бұл әрекет болашақта ренжісуге әкелетін іс-қимылдардың қайталанбауына себеп болады.

Сөзіңіз пенденің көкейіне жетпесе, онымен араласудан бас тартқан дұрыс.

Қысқасы, реніш пен өкпені іште сақтама. Негативтен арыл.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: krug51.livejournal.com

5294 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 қазан 2012, 18:30
Тегтер: реніш, өкпе,
Пікірлер
+0
05 қазан 2012, 18:07

Өзім қатты ренжісем, бірден ұмытып кетуге тырысамын. Көбіне айтпай қаламын ішімде сақтап, уақыт өткен соң, өзінен-өзі жуылып, ұмытылып кетеді. :roll:

+0
05 қазан 2012, 18:09

Егер қандай да бір реніш пайда болса адам өзінен сұрау керек, осы жағдайды қай сөздеріммен, қандай іс-әрекетіммен шақырып алдым деп, адамның ішкі ойы осыған жауап береді. Әр нәрсені біз өзіміз жасап, істеп аламыз. Барлық нәрсені адам өзінен іздеу керек.

+0
05 қазан 2012, 18:24

Жұрттың бәрі психолог боп кеткен бе)))))))))

+0
05 қазан 2012, 22:16

Ренжісем, көбіне былш еткізіп айтып тастағанды жөн көремін. :D Солай істесем оңай кешіремін.. Егер айтпай бүгіп қалсам, ренжіп тұрғандықтан, маған ол адаммен сөйлесу қиынға соғады...

+0
06 қазан 2012, 09:22

мен ренжисем сойлемей каламын, бираз журеминда конил куйим жаксы болса жаксы сойлесип кетем, кейде ваще сойлеспей журеминда сол бойы ол адамга жакын болмай каламын.

+0
06 қазан 2012, 12:52

ренжіп, өкпелеу - пендешілік қой. сабыр сақтау керек. ал енді біреу келіп басыңа шығып алса оның жөні бөлек.

+0
08 қазан 2012, 10:20

айтып тастауға тырысам көбіне, ренжіп қалсам бірден білдіріп қоям

+0
12 қазан 2012, 16:14

Былтыр, дәл осы қазан айында туған нағашымның қызымен қатты ренжісіп қалғанмын, оған да дәл бір жыл болыпты ғой... "Шапалақ бір алақаннан шықпайды" дегендей, ол сіңілімді кінәләмаймын, оның үстіне қазір бәрі басылды, өтті-кетті дегендей... Бірақ, "қалған көңіл - шыққан жанмен тең" дейді ғой... Сол ренжісу, сол оқиғада маған қарсы болған нағашы апаларым да, ол сіңілім де қазір маған бір кеудесінен жаны шығып кеткен құр мүсіндей...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...