Тұрмысқа шығу үшін екі нәрсені біліңіз

Тұрмысқа шығу үшін екі нәрсені біліңіз
Фото: Matritca.kz

Тұрмысқа сәтті шығу үшін мына екі нәрсені ұстаныңыз:

1. Оның сізден биік тұруына мүмкіндік беріңіз;

2. Кез келген арам ойыңыздан арылыңыз. 

Әйел адам жігітпен кездесіп тұрғанда небір арам ойға барады. "Ақшасы бар ма? Жұмысы жақсы ма?", т.б. ойлардан арылыңыз. Ол романтикалық кинодан көрген ақбоз атты ханзаданы немесе тізерлеп отырып мейрамханада сақина ұсынған жігітті елестетеді. Қыздың фантазиясы осылайша жігіт тарапынан әлдебір ғажайыпты күтсе, құлағына келген анасының қатал талаптары қыздың жігітті толықтай бағалауына рұқсат етпейді. 

- Ол маған неге сонша қарап отыр? Мені ұнатты ма әлде бетімдегі бояуым бұзылып кетті ме?

- Ол маған неге қарамайды? Маған емес, өтіп бара жатқан қыздарға қарап отыр ғой. Мені ұнатпаған! Неткен сорлы едім!

- Сен ең керемет жігітке лайықсың! Ол сенің тырнағыңа да татымайды. 

Міне, осындай ой сізді жан-жақтан қаумалайды. Адамның ойы көбіне шындыққа айналып жатады. Сондықтан бүкіл фантазияңыз бен туған-туысқандарыңызды, қоғамның пікірін, - бәрін-бәрін бір сәтке ұмытыңыз! Бұл – сіздің өміріңіз! Өзіңізді емес, жігітті биік қойып, болашақты елестетіп көріңіз. Адамды адам өзгертеді. Әсіресе еркекті хан қылатын да, хан қылмайтын да – әйел! Сондықтан өзіңіз шығып алған биіктен түсіп, жігіттің жақсы қасиеттерін көруге тырысқаныңыз абзал.

М. Оңғарова